ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Контактные номера: 8 72544 21150
Электронная почта: otrar_muzey@mail.ru

Мекен –жайы Түркістан облысы,
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы,
Жібек жолы даңғылы №1

Баспасөз хатшысы
8 705 897 6881, 8 708 407 2845
yrzia@mail.ru

instagram twitter youtube facebook
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТЫРАР – ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Отырар – туризм орталығы» тақырыбында пресс-тур ұйымдастырылды.
Толығырақ

Халық мұрасының жанашыры

2019 жылдың 9 сәуір күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі, Темір жалпы орта мектебі және Темір ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отырар музейінің негізін қалаушы, тарихшы ұстаз Асатай Әлімұлының 90 жыл толуына орай «Халық мұрасының жанашыры» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті.
Толығырақ

«Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында 2018 ж. атқарылған шаралар туралы Анықтама

2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мынадай ірі шаралар жүзеге асырылды:
Толығырақ

ҚАЗАНАТ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті кереметін атап көрсетті. «Жеті қырдың» алғашқысы атқа міну мәдениетіне арналды. Адамзат өркениетінің дамуына жылқының қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Толығырақ

ОТЫРАР ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ «ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ- НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтті.
Толығырақ

ҚОЛӨНЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

2019 жылдың 12 наурыз күні Шымкент қаласындағы Аймақтық Әлеуметтік – Инновациялық университетінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейімен бірлескен «Ұлы даланың жеті қыры» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
Толығырақ

ҚАМАЛЫ БЕКЕМ, ХАЛҚЫ ҚАЙСАР – ОТЫРАР(Отырар қорғанысына 800 жыл)

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен Павлодар облысы Г.Н Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» (Отырар қорғанысына 800 жыл) тақырыбында көрме ашылды.
Толығырақ

Отырар қорық-музейі хабарлайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 13-наурыз күні Павлодар облысы Г.Н Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» (Отырар қорғанысына 800 жыл) тақырыбында көрме ашылады.
Толығырақ

Қайырымдылық – Қазақстан халқының рухани қағидаты

Бүгін 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Қайырымдылық – Қазақстан халқының рухани қағидаты» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты Алғыс айту мерекесінің мән-мағынасын оқушыларға түсіндіріп, халықтар арасындағы достықты нығайту.
Толығырақ

Невада Семей – ғасыр қасіреті

2019жылдың 26aқпан күні Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Невада Семей – ғасыр қасіреті» атты тақырыпта дөңгелек үстелдің болып өтті.
Толығырақ

КӨНЕ ТАРИХТЫҢ КУӘСІНДЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕР

2019 жылы 25 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжінде Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көне тарихтың куәсіндей жәдігерлер» тақырыбында көшпелі көрме өтті.
Толығырақ

Қолөнер ұлттық құндылығымыз

Бүгін 18 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлері «Отырар» және «Қарғалы» жалпы орта мектептерінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қолөнер ұлттық құндылығымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Толығырақ

АСТАНАДА ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫН ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Отырар қалашығын ішінара қайта қалпына келтіру жөніндегі туристік жобаны іске асыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ

РУХЫ МУЗЕЙ ДЕП ЖАРАЛҒАН ЖАН

2019 жылдың 7 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің негізін қалаушы, тарихшы ұстаз Асантай Әлімұлының туғанына 90 жыл толуына орай «РУХЫ МУЗЕЙ ДЕП ЖАРАЛҒАН ЖАН» тақырыптық көрме ашылды.
Толығырақ

ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ОТЫРАРДА БОЛДЫ

2019 жылдың 6 ақпан күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Отырар ауданына іс-сапармен келді. Мәжіліс депутаты киелі Қазақстанның тарихын насихаттап қана қоймай, құнды жәдігерлерді ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан мәдени орын - Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің экспозициямен танысты.
Толығырақ

Қазақстан жастарына үндеу хат

23 қаңтар күні Астана қаласындағы «Нұр Әлем» павильонында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Жастар жылының салтанатты ашылуы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын.
Толығырақ

Бүгін Астана қаласында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді

Бүгін Астана қаласында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді
Толығырақ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».
Толығырақ

Сипаттама лицей - интернат

2019жылдың 18қаңтар күні Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей – интернатында белгілі қоғам қайраткері, жазушы С.Ерубаевтың туғанына 105жыл толуына орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәттар Ерубаев – тұғыры биік тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел іс – шарасы болып өтті.
Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

2019 жылы 18 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшелері Отырар ауданына іс-сапармен келді.
Толығырақ

Отырарда отыз баб

Отырарда отыз баб
Толығырақ

Қазақ хандығының Еділ қалмақтарына қарсы Тәуелсіздік жолындағы азаттық күресі.

2018 жылдың 14 желтоқсан күні Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының Еділ қалмақтарына қарсы Тәуелсіздік жолындағы азаттық күресі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЫНАН ТАЙМАСЫН!

Бүгін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиында мекеме директоры Айбек Жандосов құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Толығырақ

МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2018 жылдың 29-қараша күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинар жұмысы музейдің экспозиция залымен танысумен бастау алды.
Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 26 қараша күні Қызылорда облысы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» тақырыбында көрменің ашылу салтанаты өтті.
Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ БОЛҒАН ТӨЛ ТЕҢГЕ

Бүгін Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығына орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Отырар аудандық Көкмардан жалпы орта мектебі бірлесіп ұйымдастырған «ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ БОЛҒАН ТӨЛ ТЕҢГЕ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ

МУЗЕЙ ҚОРЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҒУДА

Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ халқының қолөнер түрлерін жан – жақты этнографиялық тұрғыдан зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Көргендердің көзінің жауын алып, таңғалдырған, адам қолынан шыққан осынау небір ғажайып туындылар бүгінгі халқымыздың мақтанышы болса, ертеңгі болашақ үшін баға жетпес мұра.
Толығырақ

МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК және Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгi мәдениет басқармасының «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби музейi» МКҚК бiрлесiп өткізген іс-шарада Қазақстан музейлерi мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру аясында атқарылып отырған жұмыстарын ортаға салып, тәжiрибе алмасты.
Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ КҮНІНЕ ОРАЙ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 7 қараша күні Ұлттық валюта күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында еліміздің ірі тарихи-мәдени-ғылыми орталықтары Алматы музейі, ҚР Президенті Архиві, Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-музейі, «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі бірлесе ұйымдастыруымен «Қазақстан аумағындағы ақша айналымы: көне заманнан бүгінге дейін»
Толығырақ

«Әминә Өмірзақованың 100 жылдығы» ЮНЕСКО көлемінде тойланады

05 қараша, 2018. Астана. Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы – Әминә Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, 2019 жыл: актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау жобасына енді.
Толығырақ

2 қараша, 2018 жыл. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жаңа «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газетін көпшілікке таныстырды. Ресми шараны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде берген тапсырмасы баршамызға белгілі.
Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ

18 қазан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын кең көлемде насихаттау мақсатында «ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ

ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУДА МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЫҚПАЛЫ

4 қазан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туристік кластерді дамытуда музей қызметінің маңызы мен ықпалы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Толығырақ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болашақ ұрпаққа "аманат хат" қалдырды.

2018 жылы 28-қыркүйек күні Түркістан облысы Отырар ауданында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы іс-сапармен болды. Іс-сапар барысында Министр Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, ҚР
Толығырақ

Арыстанбек Мухамедиулы на Правительственном часе: «О развитии туристской отрасли Республики Казахстан»

Арыстанбек Мухамедиулы на Правительственном часе: «О развитии туристской отрасли Республики Казахстан»
Толығырақ

Министр культуры и спорта Казахстана Арыстанбек Мухамедиулы встретился с известной девочкой-беркутчи Айшолпан

Министр культуры и спорта Казахстана Арыстанбек Мухамедиулы встретился с известной девочкой-беркутчи Айшолпан
Толығырақ

ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ОТЫРАРДА БОЛДЫ

Бүгін Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамоно киелі Отырар өңірінің тарихымен танысу мақсатында арнайы келді.
Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАУШЫ

Қыркүйектің 19-ы күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында Мемлекет және қоғам қайраткері Ө. Жәнібековті еске алу мақсатында «ДӘСТҮРДІҢ ДАРА ДІҢГЕГІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты қарымды қаламгер, ойы терең тарихшы
Толығырақ

ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ – БІЗДІҢ БОРЫШЫМЫЗ!

28 тамыз күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қарғалы ауыл округінің мәдениет үйінде жергілікті билік өкілдеріне, ауыл тұрғындарына, тарихи ескерткіштерімізді қорғау, сақтау, насихаттау мақсатында «Отырар мұражай қарамағындағы тарихи ескерткіштерді сақтау және құжаттау» тақырыбында семинар өтті.
Толығырақ

АЙБАРЫ АСҚАҚ ЕЛДІ АСҚАҚТАТАР АТА ЗАҢ

Биыл Еліміз Конституцияның 23 жылдығын тойлауда. Мемлекетіміздің Ата Заңы жалпы халықтық референдумда 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Айтулы күнге орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «АЙБАРЫ АСҚАҚ ЕЛДІ АСҚАҚТАТАР АТА ЗАҢ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ

Арыстанбек Мухамедиулы вступился за оставшихся без грантов спортсменов

Арыстанбек Мухамедиулы вступился за оставшихся без грантов спортсменов
Толығырақ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

8 тамыз күні Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Киелі Отырардың мәдени мұралары» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды.
Толығырақ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ОТЫРАРДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

3 тамыз күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданының тарихи-өлкетану мұражайында «АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ» тақырыбында көшпелі көрме өтті.
Толығырақ

КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ

15 мамыр күні сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өтті.
Толығырақ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӘБУ НӘСІР ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫН НАСИХАТТАЙТЫН КӨРМЕ ӨТТІ

5-мамыр күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ» тақырыбында көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмені «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары Дәурембеков Қуаныш Кәрібайұлы ашып беріп
Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Бүгін 9-мамыр жеңіс куніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі "Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат " тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру.
Толығырақ

ОТЫРАР АЛҚАБЫ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ КІТАП- АЛЬБОМ

Жақында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық - музейінің қызметкерлері Ералы Шоқай мен Сәбит Пәрменқұлдың авторлығымен «ОТЫРАР АЛҚАБЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР» атты кітап – альбом жарыққы шықты.
Толығырақ

АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІНІҢ АУЛАСЫНА ЖЕМІС АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көктем мезгілі басталған соң адамзаттың алдында тұрған басты парыздарының бірі – ағаш егу жұмысы болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.) хадисінде «Ақырзаман келіп тұрса да егер бойыңда ағаш егуге жетерлік күшің болса, онда ағаш ек» деген екен
Толығырақ

Отырар өңірінің күнделікті тұрмыстық тіршілікке ас үйлік жәдігерлері

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық - мұражайының «Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау» ғылыми - зерттеу бөлімі Отырар өңірінен қазба нәтижесінде табылған тұрмыстық заттарын, олардың тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрлі өнерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында С.Сейфуллин орта мектебінде «Отырар өңірінің күнделікті тұрмыстық тіршілікке ас үйлік жәдігерлері» тақырыбындағы көрме ұйымдастырды.
Толығырақ

Отырар жәдігерлері – Қостанайда

2017жылы 17-шілде күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырған «Фараб – Отырар өркениеті» тақырыптық көрмесінің ашылу салтанаты болды. Аталған көрменің мақсаты Қазақ өркениетінің алтын діңгегі – Отырар тарихын еліміздің аймақтарында кеңінен насихаттау.
Толығырақ

Павлодар қаласындағы көрме

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи - өлкетану музейінде 2013 жылдың 18 мамыр- 17 маусым аралығында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Фараб-Отырар өркениеті» атты көрмесі жұмыс істеді.
Толығырақ

Ақпан айының 19 – 29 аралығында аудан көлемінде

Ақпан айының 19 – 29 аралығында аудан көлеміндегі М.Шаханов, С.Құртаев, А.Дәрібаев жалпы орта мектептерінде өткізілген
Толығырақ

ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ ТАРИХТЫ ТАНУ

26 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Арыс қалалық өлкетану мұражайында «ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ ТАРИХТЫ ТАНУ» тақырыбында көшпелі көрме өтті.
Толығырақ

ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТІНІҢ ЖОҚТАУШЫСЫ

27 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Отырар әдебиеті мен өнері» қоғамдық бірлестігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі және Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің ұйымдастыруымен Ақын Садуақас Жақашұлының туылғанына 130 жыл толуына орай «Отырар өркениетінің жоқтаушысы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ

АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІНІҢ АЙНАЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Көне Отырар жеріндегі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстан бабтың кесенесі ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы. Кесене Арыстан баб өмірден өткеннен соң, көп уақыт өтпей тұрғызылған. Құрылысқа көлемі 18х9х3,5 және 19,5х15,5х4,5 см келетін күйдірілген қыштар пайдаланылған. Уақыт өте келе құрылыс құлап, жермен-жексен болды.
Толығырақ

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА "КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ" КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

25 маусым күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Киелі Отырардың қасиетті мұрасы» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды.
Толығырақ

ҰЛТТЫҢ АСЫЛ ПЕРЗЕНТІ

24шілде күні Аудандық Орталық кітапхана мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен қазақ халқының данагөйі, әдебиетші, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жылдығына орай «Шәкәрімнің дүниетанымы және оның қазақ қоғамындағы орны» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Толығырақ

Маяқұм семинар суреттері

Маяқұм семинар суреттері
Толығырақ

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

2018 жылдың маусым айының 29-ы күні «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің мәжіліс залында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинардың өтті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға орталық кітапхана мен Руханият - Әбу насыр әл-Фараби мұражайының қызметкерлері қатысты.
Толығырақ

ОТЫРАР ЖЕРІНДЕ "КЕЙКІ МЕРГЕН" АТТЫ ТАРИХИ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛУДЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен "Projects House" компаниясы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің белсенді ұйымдастырушысы, батыр, құралайды көзге атқан Кейкі батыр жайында Мұрат Бидосотың режиссерлігімен «Кейкі Мерген» атты тарихи телехикая түсіру жұмысын бастады.
Толығырақ

МУЗЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІ СӨЙЛЕГЕН ТҮН

18-мамыр күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған «Музей - халық қазынасы» тақырыбында тарихи – танымдық кеш өтті.
Толығырақ

КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ

Бүгін Астана қаласындағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» мен «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының» ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ» атты көрменің ресми ашылуы өтті.
Толығырақ

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Егемен Қазақстанға» наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тарқата әңгімелеп берді.
Толығырақ

ЖАҢҒЫРҒАН МУЗЕЙ

2018 жылдың 1 - наурыз күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің экспозиция залының ресми ашылу рәсімі болып өтті.
Толығырақ

Бүгін 1 наурыз күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің жаңғырған экспозициясы ресми ашылғалы отыр.

Салтанатты жиынға келген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері ...
Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі жаңартылған экспозициясын 2018 жылдың 1 наурызында ашайын деп отыр.
Толығырақ

КЕНЕСАРЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

2017 жылғы 29-қарашада Отырар мемлекеттік археологиялық қорық- мұражайы Кенесары көтерілісіне 180 жыл толуына
Толығырақ

Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері

2017 жылдың 10-қараша күні Отырар аудандық мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Отырар мемлекеттік археологиялық
Толығырақ

Отырар өңірінің күнделікті тұрмыстық тіршілікке ас үйлік жәдігерлері

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында
Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі

19-қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты стартегиялық мақаласы
Толығырақ

Ақынның сөзі-өмірдің өрнегі

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Отырар қорық – музейінде «Қор сақтау»
Толығырақ

«Фараб – Отырар» көрмесі Қызылжарда

19 Қыркүйек күні, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында,
Толығырақ

Әйгілі музыкант Зубин Мета Түркістанда болды

Әлемге әйгілі өнер ордаларының ішіндегі шоқтығы биік «Ла Скала» театрының дирижеры,
Толығырақ

«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы Отырар өңірінде

2017 жылғы 19 тамызда Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық
Толығырақ

Отырар жәдігерлері – Қостанайда

2017жылы 17-шілде күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі аясында
Толығырақ

Отырардың көне кітаптары - Түркістан төрінде

Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық - мұражайының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Рухани жаңғырудың бір кепілі − көне кітаптар» тақырыбында кітаптар көрмесінің тұсаукесері болып өтті.
Толығырақ

Арыстанбаб кітапханасы - қайта оралған қазына

Қазан төңкерісінен кейінгі жағдай баршамызға мәлім. Кеңестік-атеистік саясаттың кесірінен қаншама дін иелері, қожалары, молдалары және шырақшылары қудаланып, қуғын - сүргінге ұшырады.
Толығырақ

Асқақтаған елорда - Астана

Әр елдің тарихында болашағын айқындап, бағамдап отыратын тарихи кезең оқиғалар орын алып отырады. Қазақстан тарихында орын алған мұндай тарихи оқиғаның бірі Елордамызды Сарыарқа төсіне көшіру болғаны белгілі. Тарихқы көз жүгіртетін болсақ, 1994 жылдың 6 шілдесі күні өткен Қазақстан Респубилкасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы Сарыарқаға, яғни, Ақмола қаласын көшіру идеясын ұсынған болатын. Елорданы көшірудегі басты мақсат пен міндеттерді нақты дәлелдермен көрсете отырып, көпшіліктің көңіліне жол тапқан болатын.
Толығырақ

БАБАЛАР МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

2018 жылдың 28 маусым күні Ордабасы ауданы Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында Отырар мемлекетттік археологиялық қорық-мұражайы «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰРПАҚҚА АМАНАТ

2018 жылдың 28 маусым күні «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК қызметкерлері Ордабасы ауданының «Шұбарсу» елді мекенінде «Ұлттық қолөнер ұрпаққа аманат» тақырыбында этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Ғылыми экспедицияның құрамында мұражайдың «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің меңгерушісі Жұмашова А., аға ғылыми қызметкер Айтбай С., ғылыми қызметкерлер Маябасова Г., Өскенбаева Ж. болды.
Толығырақ

КИЕЛІ ӨҢІРГЕ БАЙ ОҢТҮСТІК

2018жылдың 26 – сәуір күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Оңтүстік өңірінің киелі орындары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты еліміздегі киелі орындардың киелілігін көрсететін аңыздарға сүйене отырып, тарихымен таныстыру, насихаттау.
Толығырақ

ТАТУ ЕЛГЕ ТЫНЫШТЫҚ ОРНАЙДЫ, БЕЙБІТ ЕЛДЕ ҒАНА БЕРЕКЕ БОЛАДЫ

Бүгін 27-сәуір күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай еліміздегі ұлт татулығын, бірлігін көрсету үшін «ОТЫРАР ӨҢІРІНДЕГІ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАР» тақырыбында іс-шара болып өтті.
Толығырақ

«Ақтабан шұбырынды» қасіреті

Бүгін 10- сәуір күні Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жер» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы мектеп - лицейінде Отырар қорық-музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасына 295 жыл тақырыбындағы семинар болып өтті.
Толығырақ

ЕЛІМІЗДІҢ ЖАСТАРЫ ОТЫРАРДА

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХI көшпелі отырысы кеше еліміздегі жастардың ең көп шоғырланған Оңтүстіктің орталығы Шымкент қаласында өтті.
Толығырақ

Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламасы» тарихи оқиғасының 295 жылдығына орай «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ

Оқушыларға "Отырарды зерттеген ғалымдар" туралы дәріс оқылды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы жарлығымен «12 сәуір ҚР ғылыми қызметкерлер күні» болып бекітілген болатын.
Толығырақ

ҰЛТ ДӘСТҮРІ – ЗАҢНАН БИІК

Бүгін 13 сәуір күні Отырар қорық-музейінің қызметкерлері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Қазақтың әдет-ғұрып, жөн-жосықтары» атты тақырыпта Отырар жалпы орта мектебінде дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты жеткіншектерге әдет-ғұрып, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге, ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып, жол екендігін көрсету болып табылады.
Толығырақ

Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері

2017 жылдың 10-қараша күні Отырар аудандық мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі және Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейі бірлескен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Толығырақ

РМҚК-де болу қағидалары мен ережелері

РМҚК-де болу қағидалары мен ережелері

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Музей қонақтарының "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" РМҚК-де болу қағидалары мен ережелері


Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында болу кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған және Музей кешені аумағында болатын барлық адамдар орындауға міндетті. Музей кешені аумағына: автотұрақ, этнокешен, кіреберіс аумағы жанындағы вестибюль, киім ілетін аймақ, кірме дәліздер, баспалдақтар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көтеру тұғыры, көрме залы, мәжіліс зал, экспозиция залдары жатады.


Музейге келушілерге қызмет көрсету қауіпсіздігі мен мәдениетін қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың жұмыс тәртібі мен жауапкершілігі қолданыстағы заңмен және музейдің желілік нормативтік актілерімен айқындалады.


Музей келушілерге дүйсенбі күнінен басқа күндері ашық.


Музей жұмысының басталу және аяқталу уақыты мына сайтта көрсетілген:


- ресми сайтта (www.otrarmuseum.kz);


- кіру аймағында ақпараттық анықтамалық тасығыштарда.


Музейге кіру билеті көрсетілген күнінде бір реттік келу құқығын береді.


Шұғыл жағдай туындаған кезде кіру аймағына қайта оралып, турникет, арқылы өткеннен кейін келуші Музейге қайта кіру тәртібін келісімдеу үшін әкімшілікке жүгінуге міндетті.


Пайдаланылмаған (штрих-код есептелмегенде) кіру билеті, қызмет көрсету билеттері кассаға қайтарылуы мүмкін.


Кіру билетін, қызмет көрсету билеті пайдаланылмаған жағдайда ақша қаражатын қайтару тек кіру билеті пайдаланылмағанын дәлелдейтін келушінің жеке өтініші және музей әкімшілігінің билеттегі (немесе түбіртектегі) қолының негізінде жеке басын растайтын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.


Әуесқой фото мен бейне түсірілімдер түсіруге алынған билетті кері қайтару жоғарыда келтірілген тәртіппен кіру билеті пайдаланылмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.


Музейге келушілер: Музей ашық болған күнінде және сағатында кассада ұйымдасқан кезек тәртібімен кіру билетін алуға; Мемлекет меншігі болып табылатын Музейдің мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы Қағидалар талаптарын сақтауға міндетті.


2. Музейде болу тәртібі мен талаптары


2.1. Музейде болу талаптарына мыналар жатады:


1) Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;

2) Сыртқы киімдерін киім ілетін орынға ілу;

3) Қол жүгін ұяшықта сақтап, орналастыруға арналған киім ілетін орынға мыналарды тапсыру: сөмкелер, жолдорбалар, кейстер, өлшемі 40х40х20 см-ден аспайтын қолшатырлар, өлшемі 40х40х20 см-ден асатын қол жүктерді сақтау ұяшығына тапсыруға болмайды, осындай қол жүкпен музей аумағына өтуге тиым салынады.

4) Музейдің Желілік нормативтік актісінде көрсетілген (көрсетілген санат тізбесі музей кассасындағы ақпараттық блокқа орналастырылған) жеңілдік санатындағы келушілер үшін музейге келу жеңілдікпен/тегін қызмет көрсету құқығын растайтын (төлқұжат, жеке куәлік және басқа да құжаттар) құжатты көрсету кезінде берілетін жеңілдікпен/тегін келуге құқығы бар жеңілдікті/ тегін билет негізінде жүзеге асырылады;

5) Билетті экспозицияны қарау аяқталғанша (Музейде өткізетін уақыт аяқталғанға дейін) сақтап, әкімшіліктің талап етуімен көрсету қажет.

6) Түтін шыққан немесе өрт байқалған жағдайда, сондай-ақ келушілердің немесе Музей қауіпсіздігіне әсер етуі ықтимал жағдайларда бұл туралы дереу түрде Музей қызметкерлеріне хабарлау қажет.

7) Егер де иесіз киімдер мен заттар табылған жағдайда өз еркімен оларды орнынан қозғау әрекеттерін жасамай, бұл туралы дереу Музей қызметкерлеріне хабарлау қажет;

8) Баспалдақтарды пайдаланған кезде қауіпсіздік шараларын сақтап, тұтқадан ұстап, оған асылмау қажет, кішкентай балаларды қолдарынан ұстап жүру немесе қолға алу және олардың баспалдақта өздерін дұрыс ұстауын бақылау тиіс;

9) Музейге 14 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге ғана кіре алады.

10) Музей кассасынан алынбаған басқа да құжаттар (Сыйға берілген сертификат және т.б.) Музейге кіруге негіз болып табылмайды;

11) Балалар мен мектеп оқушылары алдын ала жазылусыз келген жағдайда:

- балалар мен мектеп оқушылары ұйымдасқан әр топтың құрамында (16 жасқа дейін) 1 ересек топ жетекшісі болуы тиіс.

- ата-аналар және топты бастап жүрушілер балаларды Музейге келу қағидаларымен таныстырып әрі олардың сақталуына жауапкершілікте болуы тиіс.

12) Музейге топпен кіруге алдын ала мына телефон нөмірі арқылы жазылуға болады: +7(72544) 21150 (10:00-ден 17:00-ге дейін); дүйсенбі - санитарлық күн.


2.2. Келушілерге:


1) Сыртқы киіммен, бас киіммен, мойынорағышпен, тері күртемен, күннен қорғайтын көзілдірікпен өтуіне;

2) Залда кофталарын, тоқыма жылы және қалың киімдерін шешіп, қолдарында, сөмкелерде ұстап жүрулеріне, белдеріне байлап жүрулеріне;

3) Кез келген мөлшердегі қол сөмкелерін, үлкен сөмкелерді алып жүруге;

4) Балалар арбасын алып өтуге; Музей арбашаларды қоятын арнайы тұрақ орнымен жабдықталған;

5) Аяқ киімсіз және киімсіз жүруге және өтуге;

6) Балалар ойыншықтарын, әуе шарларын, гүлдерді, шыбықтырды, кез келген көлемдегі қолшатырларды және басқа да заттарды алып өтуге;

7) Қызметтік, өндірістік және техникалық үй-жайларға өз еркімен кіруге;

8) Тамақпен және сусындармен кіруге;

9) Өздері әкелген кез келген (алкогольді және алкогольсіз) ішімдіктерді ішуге, музей кешеніне мас күйінде кіруге, сондай-ақ есірткіге және уытты еліту жағдайында келуге;

10) Пиротехникалық, тез жанатын, уландыратын, уытты, улы заттарды, сұйықтықтарды, тұрмыстық газ баллондарын алып өтуге;

11) Кез келген ашық отты, пиротехникалық құрылғыларды (отшашуларды, петардаларды және т.б.) пайдалануға;

12) Отпен атылатын, шанышқылы қару, кесетін және оңай сынатын заттар, сонымен қатар оларды құрайтын және олардын тұратын заттар алып кіруге;

13) Кез келген жануарларды өткізуге немесе алып кіруге;

14) Музей ғимаратында темекі (соның ішінде электронды сигареттерді) тартуға;

15) Макеттер мен витриналарды қолмен ұстауға, оларға тиіп кетуге, макеттерге кез келген заттарды қоюға;

16) Макет астындағы кеңістікке кіруге;

17) Балаларды қоршау арқандарының, турникеттің, сүйеніштің, қоршаудың үстіне отырғызуға;

18) Музейдің нысандарына және жабдықтарына, сонымен қатар мүлкіне залал келтіруге, аталған тармақ бұзылған жағдайда мүлікке залал келтіруші тұлға келтірілген залалды толық көлемде өтейді. Аталған жағдай толығымен қағазға түсіріліп, мүлікке залал келгені туралы акт дайындалады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім шығару үшін тиісті органға тапсырылады.

19) Музейдің ғимараты мен аумағын кірлетуге және ластауға;

20) Заттардың, нысандардың және т.б. беттеріне кез келген жазу жазуға;

21) Музей ғимаратында жүгіруге, қатты сөйлеуге, өлең айтуға, экскурсия жүргізілу барысында телефонмен сөйлесуге;

22) Музей қызметкерлерімен және басқа да келушілермен төбелесуге, оларға тіл тигізуге;

23) Роликті тақтайшаларды және конькилерді, өздігінен жүретін сырғанақтарды, велосипедтерді және басқа да осындай спорт құралдарын әкелуге, сондай-ақ Музейге роликті аяқ киіммен келуге;

24) Дауыс күшейткіш арқылы аудиотехника тыңдауға, дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға және музыкалық аспаптарда (арнайы рұқсатсыз) ойнауға;

25) Әкімшісінің арнайы рұқсатынсыз Музейдің аумағын коммерциялық, жарнамалық және басқа қызметтер үшін қолдануға;

26) Кез келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге;

27) Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көтергіш платформаны (музей қызметкерлері сүйемелдеп жүретін мүмкіндіктері шектеулі адамдардан басқа) және әжетхананы пайдалануға;

28) Музейдің барлық залдарында (арнайы рұқсатсыз) фото және бейне түсірілім жүргізуге;

29) Жұмыс күні аяқталғаннан кейін музей кешенінде болуға тыйым салынады.


Ережелер бұзылған жағдайда Музейдің қызметкерлері келушілердің келуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануға әрі тәртіп бұзушыларды Музей кешенінен шығарып жіберуге құқылы.


3. Музей кешеніне келушілердің:


1. Музейдің жұмыс кестесіне сәйкес келуге арналған оның барлық үй жайларына кіруге;


2. Арнайы рұқсат етілген аймақтарда фото және бейне аппараттарды (фото және бейне түсірілім жасауға арнайы билет болған жағдайда) қолдануға;


3. Макеттерді тек қоршау сыртынан қарауға;


4. Балаларға арналған басқа да бейімделгіш заттармен (рюкзак-кенгуру, нәрестелерге арналған себет және сөмке) өтуге құқығы бар.


Музейде болған кезінде бақытсыздық жағдайларына тап болмас үшін абай болып, мыналарды ескеру қажет:

- залдарда оқтын-оқтын қараңғылау, яғни түннің басталғанын бейнелейтін күңгірттенулер болып тұрады;

- экспозициялар қуатты дыбыстық және жарық әсерлерімен жарақтанған;

- залдарда үнемі еден ылғалдандырылып, тазалау жұмыстары жүргізіледі;

- балаларды мойынға салып экспозицияларды қарап жүрген жағдайда есіктердің және басқа да қуыстардың биіктігін ескеру қажет;

- қарайтын тұғырларды пайдалану кезінде өзінің дене мүмкіндіктерін ескерулері тиіс.


Әкімшілік мына құқықтарды өздеріне алады (өздерінде қалдырады):


- Музей жұмысының уақытын өзгеруге, бірақ та алдын ала келушілерді ескертуге;

- кассаның жұмысын ұйымдастыру арқылы Музейдің кіріс аймағында кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Тұлғаға кассада қызмет көрсету кезінде, жеңілдікпен алынатын билеттерді сату барысында, аталған санаттағы тұлға екенін растайтын тиісті құжатты кассир талап етуге міндетті;

- келушілердің сыртқы киімдерін шешуге арналған киім ілетін орынның жұмысын, сонымен қатар ірі көлемді қол жүктерін және фото-бейне техникаларын сақтауға тапсыру барысында арнайы ұяшықтармен қамтамасыз етуге;

- Музейдің кіріс аймағында музей заттары мен коллекцияларына қол жеткізу ережесі мен шарттары туралы мәліметтер бар ақпаратты стендпен қамтамасыз етуі қажет. Стендтер көрінетін қол жетімді жерде келесі форматтардың бірінде: қабырға стендтері, еденге немеме столға орналасқан тіреуіштерде, және төмендегідей ақпараттардан:


• Музейдің жұмыс кестесі туралы ақпарат;


• Уақытша көрмелер туралы ақпарат;


• Жабық залдар бойынша ақпарат;


• Музейде көрсетілетін қызметтер тізімі туралы ақпарат;


• Экскурсияға тапсырыс беру мүмкіндігі туралы ақпарат;


• Музейдің электронды каталогын пайдалану ережесі туралы ақпарат;


• Музейдің жұмысы туралы келушілірдің пікірі, ескертулері мен ұсыныстарын білдіру әдістері туралы ақпараттан тұруы қажет.


- демалатын, тамақ ішетін жерлерді және әжетхананы көрсете отырып Музей залдары бойынша өзекті және түсінікті навигациялық жүйемен қамтамасыз етуге;

- экспозицияларда залдағы музей заттары, экспозициялық залдың сипаты жөнінде ақпараттан тұратын этикеткалар және ақпараттық парақтармен қамтамасыз етуге;

- бейімделуі төменгі мөлшердегі санатқа жататын сүйеніш-қозғалтқыштары бұзылған мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, қария кісілерге экспозицияның қол жетімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Қажет болған жағдайда көтеретін аппараттарды қолдану үшін келушілір Музей әкімшісінен рұқсат алады;

- персоналдың (оның ішінде техникалық персоналдың) Музейге келушілермен сыпайы сөйлесуін, Ережеде көрсетілген жағдайлардан басқа, оларға мәжбүрлеу шараларын қолданбауды қамтамасыз ету қажет;

- Музейге келушілермен тығыз байланыста болатын Музей қызметкерлерінің аты-жөні және қызметі жазылған төс белгісінің болуын қамтамасыз етуге;

- азаматтарды қабылдауды, жазбаша ұсыныстарды, өтініштерді, шағымдарды тіркеуді және заңнамада бекітілген мерзім ішінде оларға жауап беруді қамтамасыз етуге құқылы;

- Музейге келушілердің қатысуымен түсірілген фото және бейне материалдарды қолдануға құқылы;

- кәсіпқой фото- және бейне түсірілімдерді түсіруге рұқсат етуге құқылы;

- қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ қызметкерлері металл детекторларды қолдана отырып немесе куәгерлердің қатысуымен келушілерді тінтуге құқылы. Келуші бас тартқан жағдайда әкімшілік музейге кіргізбеу құқығын өз мойнына алады.

- Музей әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Музей ғимаратында және аймағында бейне түсірілім жүргізуге;

- әкімшілік Музей кешеніне кіруді шектеу арқылы келушілер санын реттеп отыруға құқылы;

- әкімшілік Музейге кіргізуден бас тарту құқығын өз мойнына алады;

- Музей әкімшілігі экспозиция макетін, сахна сюжеттерін толықтыруға, автомобильдер қозғалысын, ландшафт түстері шешімдерін және т. б. өзгертуге құқылы.

- Музей әкімшілігі қараусыз қалған заттардың жоғалғаны үшін жауап бермейді.


Қорытынды ережелер


Қағидада көрсетілмеген басқа да ережелер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Музейдің актілерін басшылыққа алу қажет.

Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар Музей директорының бұйрығымен енгізіледі.

 
Отырар мұражайы 2019