Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы,

Жібек жолы даңғылы №1.  

Анықтама үшін электрондық пошта: Otrar_muzey@mail.ru

Төмендегі лаузымдағы бос орынға конкурс жариялайды.

 

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Бағдарламашы (С2) Лауазымдық міндеттері:

 Бiлуге тиiс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптар, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы,  өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік немесе жоғары білімі,(орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды. 

– ұйымдық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттарын;

–  қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуіне бақылау жүргізу ережесін;

 

            Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш:
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;
  7. Кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жарияланған сәтінен бастап (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы:

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1 «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекен жайы бойынша қабылданады.

Толық ақпаратты 8(72 544 ) 21-1-50 телефоны бойынша алуға болады.