Қорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары – музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардың бірі. Музей қоры бірнеше жолдармен толықтырылады. Негізігі түсім көзі – жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың сый-тартулары, жеке адамдардан сатып алу, сондай-ақ жинақтау жұмыстарын жүргізу және арнайы тақырыптарды зерттеу үшін ұйымдастырылған археологиялық және этнографиялық, тарихи, жаратылыстанулық экспедициялар нәтижесінде алынған заттар болып табылады.