Досхан Жұмаханұлы

Бөлім меңгеруші

8 (72544) 2-11-50
example@mail.ru

Бөлім қызметі: Туристерге Отырар музейі, Отырар қалашығы, Сапар орталығы және Арыстанбаб кесенесінде 3 тілде экскурсиялық қызмет ұсыну. Қараушы мамандар музей экспозициясындағы экспонаттардың сақталуын, қауіпсіздігін қадағалайды.
«Экспозиция, экскурсия және қоғаммен байланыс» бөлімі 2017 жылы жаңадан құрылды. 2017 жылдан бастап бөлім меңгерушісі Д.Жұмаханұлы болып тағайындалды. Бөлімде 2 ғылыми қызметкер, 5 таныстырушы, 4 қараушы қызмет атқарады. Бөлім қызметкерлері экскурсиялық бағдарламаларды жасау, мұражай экспозициясының тақырыптары бойынша әдістемелік құжаттарды дайындап, экскурсияларды, лекцияларды, жылжымалы көрмелерді және кешенді шараларды ұйымдастырып өткізеді.
Қала мен облыстың оқу орындарымен, туристік және басқа да мекемелермен қатынастарды нығайтып, мұражай экспозицияларына, көрмелеріне, экскурсия мен лекцияларға, іс-шараларға келушілерді тартады. Өлке тарихына, мұражайдың жұмыстарына байланысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарламалар беріп, насихаттайды.
Мәдени білім беру мекемелері мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен функционалдық қатынас жасай отырып; мемлекеттік мағызы бар қоғамдық мәселелерді талқылау және ағартушылық, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Экскурсоводтар бекітілген нормаларға сәйкес экспозиция, көрме, ашық сақтау қорлары мен мұражайлар нысандарына экскурсия жүргізеді.