Ақлима Жұмашова

Бөлім меңгеруші

8 (72544) 2-11-50
exampl@mail.ru

Бөлім қызметі: Отырар музейі аясында қазақ халқының қолөнерін, тұрмыс-тіршілігін, шарашылығын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттейді.
Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі алғаш рет 1982 жылы этнография бөлімі болып құрылып, 1998 жылға дейін жұмыс жасады. 1998-2004 ж.ж. Арыстанбаб және этнография бөлімі болып өзгертілді. 2005 жылы қаңтар айынан бастап этнография бөлімі болып қайта құрылып, 2018 жылға дейін жұмыс атқарып келді.
2018 жылы этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі болып өзгертіліп жүйелі түрде жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі құрамында бөлім меңгерушісі А.А.Жұмашова, 2 аға ғылыми қызметкер, 3 ғылыми қызметкер, 2 кіші ғылыми қызметкер бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады.
Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі музейдің ғылыми-іздестіру, жинау, сақтау, ғылыми-экспедиция, ғылыми-зерттеу, ғылыми-экспозиция, ғылыми – баспа, т.б. жұмыстары аясында міндеттер атқарып келеді.
Бөлім қызметкерлері этнографиялық деректер негізінде ғылыми еңбектер жазып, оларды халыққа насихаттаумен, ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ел арасынан жәдігерлер жинастырумен айналысуда.