Махашов Жангелді Меңлібайұлы

Махашов Жангелді Меңлібайұлы 1969 жылы 2 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген.
Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.
1998 жылы Орал заң институты, Екатеринбург қаласында заңгер мамандығын бітірді. 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясының экономист мамандығын тәмәмдады. 2018 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университетінің тарих магистрін тәмәмдаған;
Еңбек жолын 1989-1999 жылдары Екатеринбург қаласында күзетші және күзет басшысынан бастады.
1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Кеден басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарған;

2002-2005 жылдары «Оңтүстік Қазақстан облысы Ауған соғысы ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы болып қызмет атқарған;
2005 – 2009 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің МКҚК «Кадр оқу – ақпараттық орталығы» директоры қызметін атқарған;
2009 – 2011 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы;
2011-2012 жылдары Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі;
2012-2013 жылдары Шымкент қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары Астана қаласындағы «Ер Батыр» патриоттық қорының төрағасы;
2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Ұлттық архиві» директорының орынбасары, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы «Ұлттық архиві» директоры, 2019-2020 жылы 1қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы «Ұлттық архиві» директорының орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылы 1 қыркүйектен бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді;
Қосымша мәліметтер: Шымкент қаласы мәслихатының IV шақырылымының депутаты, «Нұр-Отан» партиясының мүшесі.
Марапаттар:
II дәрежелі «Айбын» ордені, «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана қаласына 20 жыл» төсбелгілерімен, «КСРО-ның қарулы күштеріне 70 жыл», «КСРО-ң Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.