Рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы,…

Жалғасы...

ОТЫРАРДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«Шебердің қолы алтын» дейді қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұстаз халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – қолөнер. Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабаларымыздың ертеден қастерлеп бағалай білген дүниесі. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың…

Жалғасы...

КӨНЕ МҰРАМЫЗДЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ

2021 жылдың 24 тамыз күні Қарақоңыр ауыл округінің әкімшілігінде «Тарихи ескерткіштерді қоғау ғылыми – зерттеу» бөлімінің қызметкерлері Қ.Шохаев., А.Таубек., Н.Ермашовалар «Көне мұрамызды бірге қорғайық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыры. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты өлкеміздегі тарихи ескерткіштерді қоғау, сақтау болып табылады. Дөңгелек үстелде «Тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми-зерттеу» бөлімінің бас инспекторы Қ.Шохаев «Көне мұрамызды бірге қорғайық» тақырыбында слайд…

Жалғасы...

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕПУТАТПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты «НұрОтан» партиясы фракциясының мүшесі Мыңбай Дархан Қамзабекұлы Отырар ауданында болды. Ауданға арнайы ат басын бұрған депутаттың Отырар қорық-музейінің Сапар орталығында мәдениет қызметкерлерімен кездесуі өтті. Мәдениет қызметкерлерімен емін-еркін әңгімелескен Дархан Қамзабекұлы: «Тәуелсіз Қазақстанда соңғы жылдары музейлерге ерекше назар аударылды. Музей – адамның білімін арттырып, парасатын толықтырып, жанын оятатын қастерлі орын. Көненің көзін,…

Жалғасы...

ЕЖЕЛГІ ОТЫРАР – ТӨЛ ӨРКЕНИЕТІМІЗДІҢ ӨРЕЛІ ЕСКЕРТКІШІ

Көнермес мұрасы мен тарихы мол Отырар өңіріндегі мәдениетіміздің бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштері мен асыл қазынамыз музей жәдігерлері екені анық. Қоңыржай белдеуде орналасқан бұл өңірден ежелгі тұрақтардан бастап, бізге жеткен көне жазбалар және заттай мәдени жәдігерлер өңіріміздің баға жетпес байлығы десе де болады. Тарихи-мәдени мұрамызды сақтау,…

Жалғасы...

ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Сапар орталығында «Ер қаруы – бес қару» тақырыбында көрменің ашылуы өтті. Отырар қорық – музейінің қорынан ерте ортағасыр мен ХХ ғ. аралығындағы соғыс қарулары коллекциясымен жабдықталған көрменің мақсаты – сан ғасырлар бойы металл өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқан ата-бабамыздың ерекше өнері мен дала өркениетін насихаттау болып табылады.…

Жалғасы...

АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі «Адалдық алаңы» кеңсесінің жоспарына сәйкес «Адам құқығының басымдылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бөлімі, бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп белгілендей, адам құқығының қазіргі жаһандық мәселелері туралы…

Жалғасы...

ҰЛЫЛАР ОТАНЫ ОТЫРАРДАН –ҰЛТ ҰЯСЫ ҰЛЫТАУҒА

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін, өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу, болашаққа оң көзқарас таныту, еліміздің табысты болуының кепілі»,- деп атап көрсеткен. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы. Осы бағдарлама аясында және ел тәуелсіздігінің 30…

Жалғасы...

ОТЫРАР ҚАЛАЖҰРТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі» РМҚК жанындағы әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.Онлайн форматында өткен жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің Тарихи-мәдени мұра басқарма басшысы Сейдалиева Жанат Сейдалиқызы, әдістемелік кеңестің мүшелері: ҚР БҒМ ҒК мемлекеттік тарихи институтының директоры, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған, ТҒ докторы, археолог, Қожа Ахмет…

Жалғасы...

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА

Нұр-Сұлтан – Қазақ елі болашағының каласы! Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. 6 шілде Астана күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Отырар аудандық кітапхананың бірлескен іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында Отырар аудандық кітапхана қызметкерлері дайындаған «Елбасы еңселеткен Елорда» атты кітап көрмесі қойылып, Елорданы бағындырған биіктері мен жетістіктері туралы жазылған…

Жалғасы...