Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің Сапар орталығында «ШӘЙ МӘДЕНИЕТІМЕН САБАҚТАС ЖӘДІГЕРЛЕР» тақырыбында көрме ашылды.
Көрмеде Отырар қорық-музейінің қорындағы шәй ішу мәдениетіне қатысты ортағасырлық ыдыстар және XIX-XX ғасырларда қолданыста болған асханалық бұйымдар коллекциялары көпшілікке ұсынылды.

Шәйді түпкі тарихы Қытай мемлекетінен шыққан. Бес мың жыл тарихы бар шайды қытайлар Тибет тауларында егіп, оны көпке дейін құпия ұстаған, өз отандарынан сыртқа шығармаған. Тек Y-YI ғасырдан бастап түркі тайпаларына, одан ары европа елдеріне шай саудасы басталып, ұлы дала көшпенді халқына шәй саудасы енеді. Ал қытайлықтар үшін шәй саудасы арқасында «Алтын ғасыр» басталады.
Қазақ жеріне шәй сақ патшайымы Томиристің тұсында келген. Содан бері қазақтың дастарханынан үзілмеген. Уақыт өте келе шай ішу де үлкен үрдіске айналды, шәй құюдың да мәдениеті әр жерде әр түрлі болып қалыптасты.
Шәйді алғашқыда шойын құмғанмен қайнатса, кейін мыс шәугімдермен қайната бастады. Ал орыс самаурынының тарихы 1739 жылдан басталды. Алғашқы самаурынды Ресей Петр бірінші Голландиядан әкелді. Тек XIX ғасырдың ортасынан бастап Ресейде самаурын өндірісі өркендеп, өнімдері өзге елдерге тарала бастады.
Музей қорындағы шәй мәдениетімен сабақтас жәдігерлер көрмесі 1 ай көлемінде көпшілік назарына ұсынылады.