Таиландтың Паттайя қаласында слаломды есуден  Олимпиадаға Азия іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Аталған сында Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті.  Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Александр Куликов жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 80.42.  (Бұл бәсекеде Олимпиада жолдамасы тек қана жеңімпаз спортшыға беріледі.) 

Финалда бақ сынаған  тағы бір қазақстандық спортшы Қуаныш Еренғайыпов 7-ші орыннан көрінді. Ақтық сында он спортшы жарысқан болатын. 

Leave a Comment