ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды  1 мамыр –  Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. 

«Қымбатты отандастар!

Ардақты ағайын!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Береке-бірлікке жаны құштар, дархан пейілді қаранар халқымыз үшін бұл мерекенің орны бөлек. Халықаралық деңгейде Ұлы Дала елінің абыройы артып, мерейінің үстем түсіп жүргені мызғымас ынтымақ пен ырысы төгілмес тату-тəтті тірліктің арқасы. Сындарлы кезеңдерде байтақ отанымыздағы барлық этнос өкілінің татулық пен тұтастық танытып, ақжарма достық пейілмен жүкті жұмыла көтеруі бейбітшіліктің салтанат құруына септесіп келеді.

Алдағы уақытта да бүгінгі ұлық мереке Егемен Еліміздің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктете беруіне тілектеспін. Тəу етер Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болсын!»,- деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Leave a Comment