Бүгін Қапшағай қаласында триатлоннан «Temiradam» Кубогының І кезеңі өтті. Сайысқа Pro және Age Group санатындағы 144 спортшы қатысты.

Сайыскерлер 2,5 км жүгіру, 20 км веложарыс пен 5 км жүгіруден  құралған спринт дуатлонның қашықтығын бағындырды. Жүзу кезеңін судың суықтығына байланысты төрешілер болмайды деп шешті.

Бұл «Temiradam» Кубогының қапшағайлық кезеңі бұрынғыдан ерекше болды, себебі, алғаш рет Pro санатының спортшылары сайысқа түсті. Сонымен қатар, әуесқой спортшылар арасында ғана емес, Қазақстандық Триатлон Федерациясының клубтық жүйесіне қатысып жатқан қазақстандық триатлон клубтары арасында да рейтингтік ұпайлар ұтысы басталды.

Дебюттік Pro санатында сынға 4 спортшы түсті. Әйелдер арасында бірінші орынды астаналық Екатерина Шабалина 1 сағат 2 минут 24 секунд уақытымен жеңіп алды. Екінші орынды ERG Team клубының өкілі Надежда Бекмаганбетова алды. Оның нәтижесі – 1 сағат 3 минут 14 секунд.

Pro санаты ерлері арасында TriClub Nomad клубының мүшесі Дарын Қонысбаев алтын алды. Дарын сайыс күнінің абсолютті үздік нәтижесін көрсетті – 54 минут 36 секунд. Екінші орынды ERG Team клубының мүшесі Ерасыл Аманжолов (1 сағат 2 минут 15 секунд) алды.

Age Group санатында (1 сағат 54 секунд) үздік нәтижені М25-29 жас тобында сайысқан Евгений Азарьев көрсетті. Әйелдер арасында бірінші нәтижені (1 сағат 25 минут 44 секунд) TriClub Nomad мүшесі Ақтолқын Бұхарбаева көрсетті.

Эстафеталық командалар арасында барлығынан бұрын мәреге World Class триатлон мектебінің командасы 59 минут 13 секундта жетіп, үздік команда атанды.

ҚТФ клубтық жүйесіне сәйкес Pro санатындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тек рейтингтік ұпайлар ғана емес, ақшалай ұтыс сертификаттары да табысталды. Кубоктың келесі кезеңі 13 маусымда Алматыда болады деп жоспарланып отыр.

Leave a Comment