Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Арыс қаласында Төлеген Тәжібаев атындағы балалар үйіне «Бар мейірім балаларға» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара барысында музей басшысы мен қызметкерлері балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалармен кездесіп, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Әр баланы шаттыққа бөлеп, мейірім мен жүрек жылуын төгетін, ата-бабамыздан мирас болып келе жатырған қайырымдылықтай асыл қасиетімізді танытатын шарада балалар үйіндегі бір жанұяға сыйлықтар табыстап, балаларға жағдай жасау арқылы жанұялық жылу беріп және оларды қоғамда өз ісіне жауап бере алатын жеке тұлға ретінде қалыптастырып отырған тәрбиешілеріне ризашылығын білдіріп, мерекемен құттықтады. Балалар үйінің тәрбиеленуші балаларда өздерінің алғыстарын айтып, жанұяларында жақсы тәрбие мен білім алып жатқандарын жеткізді.

Leave a Comment