1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Өскелең өреннің дамуына және рухани-мәдени өсіп жетілуіне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға «Балдырған» балабақшасының балалары қатысты. Іс-шараны Отырар қорық-музейінің директоры Жангелді Махашов пен «Балдырған» балабақшасының директоры Айсауле Жақсыбекқызы ашып беріп, балаларды мерекемен құттықтады. Іс-шарада балалар ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Спорттық сайыстар мен сурет салу сайыстарында да балалар белсенділік танытты. Іс-шараға қатысқан балалар мен мерекелік шараны тамашалаған балаларға музей тарапынан сыйлықтар үлестірілді.

Leave a Comment