Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі» РМҚК жанындағы әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.Онлайн форматында өткен жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің Тарихи-мәдени мұра басқарма басшысы Сейдалиева Жанат Сейдалиқызы, әдістемелік кеңестің мүшелері: ҚР БҒМ ҒК мемлекеттік тарихи институтының директоры, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған, ТҒ докторы, археолог, Қожа Ахмет Яссауи ХҚТУ профессоры Мұхтар Баһадүрұлы Қожа, «Казқайтажаңарту» РМК директорының орынбасары Исабек Маратұлы Нұрмагамбетов, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі» РМҚК директорының м.а Жангелді Меңлібайұлы Махашов, қорық-музейі директорының кеңесшісі, археолог Нұртаза Орынханұлы Алдабергенов, қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Серік Шәймерденұлы Ақылбек қатысты.Күн тәртібінде Отырар қалажұртындағы «Бердібек сарайындағы» жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде анықталған орындарға және Отырар қалажұртындағы Дарбаза Суфи қақпасына апаратын ​ көше (бас көше) бойы мен көшелер қиылысындағы алаң жиегінен анықталған нысандарға консервациялық жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар беру.Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Отырар қорық-музейінің ғылыми істер жөніндегі орынбасары Серік Шәймерденұлы Ақылбек баяндама жасап, археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде анықталған нысандарды слайд арқылы көрсетіп, аталған нысандардың алдағы уақытта сақталу жөніндегі мәселелерін қарастыру керек екендігін жеткізді.Ғылыми кеңесте Тарихи-мәдени мұра басқарма басшысы мен ғалымдардың пікірлері тыңдалып, ұсыныстары айтылды.

Leave a Comment