Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі «Адалдық алаңы» кеңсесінің жоспарына сәйкес «Адам құқығының басымдылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бөлімі, бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп белгілендей, адам құқығының қазіргі жаһандық мәселелері туралы ой-пікірлер қозғалды. «Адал алаңы» кеңсесінің төрағасы Серік Ақылбек адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттік органдардан, оның лауазымды тұлғаларының адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын немесе төмендететін кез келген әрекеттерден аулақ болуын, сондай-ақ олардың адамдармен жүзеге асырылуының барлық жағдайларының жасалуын талап етілетіндігін жеткізді.