2021 жылдың 24 тамыз күні Қарақоңыр ауыл округінің әкімшілігінде «Тарихи ескерткіштерді қоғау ғылыми – зерттеу» бөлімінің қызметкерлері Қ.Шохаев., А.Таубек., Н.Ермашовалар «Көне мұрамызды бірге қорғайық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыры. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты өлкеміздегі тарихи ескерткіштерді қоғау, сақтау болып табылады. Дөңгелек үстелде «Тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми-зерттеу» бөлімінің бас инспекторы Қ.Шохаев «Көне мұрамызды бірге қорғайық» тақырыбында слайд көрсетіп, тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуы, сақталуы жөнінде біршама түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында Қарақоңыр ауыл округінің жер инспекторы С. Айсеитов сөз алып, Қарақоңыр ауылдық округтеріне қарасты ескерткіштің жай-күйін хабардар етіп отыратындығын ескертіп, ескерткіштердің ауласына егін егуге, құрылыс салуға болмайтындығын ауыл тұрғындарына баса түсіндірді. Ауыл тұрғындары, Отырар ауылдық округіне қарасты ескерткіштер тұрғысында бірнеше сұрақтар қойып тұшымды жауап алып музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.