Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл. Егемендік дәуірінің тағы бір парағы ел шежіресіне еніп, тарих таспасына жазылды. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Тарихымыздың беттерін саралау үшін 2004 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Бұл бағдарлама халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекіту, әлемге бай ұлттық рухани қазынаны ашуға бағытталды, сондай-ақ тарих, этнография, әдебиет, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру болды, міне сол Қазақстан тарихын бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан жаңаша талдап, баға беруде, өтпелі қоғамдағы саяси жүйенің қалыптасуы мен эволюциясын зерттеуде, бұрынғы белгісіз құжаттарды ғылыми айналымға қосуда үлкен еңбек сіңіріп жүрген, терең ғылыми жұмыстар атқарып жүрген, сондай-ақ орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арнап оқулықтар жазған, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы» сияқты іргелі басылымдардың жарық көруіне басшылық жасаған, қазіргі заман ағымы, ұлт болашағы жөніндегі көптеген публистикалық мақалалардың авторы тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанмен сұхбат өтті.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған сұхбат биыл ғана баспадан шыққан «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекет тарихы» кітабына арналды. Сұхбат барысында сұхбатты жүргізген Отырар қорық-музейінің ғылыми қызметкері Гүлхан Маябасова бірнеше сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар берілді. Атап айтар болсақ, «Ұлық Ұлыс-Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының жазылуының себебі, Ұлық Ұлыс билеушілерінің тарихын жеңімпаздар емес, жеңілген елдер жазады, сондай—ақ ХІҮ ғасырдың басындағы бүкіл Еуразия құрылығында оба індеті басталды. Кітапта айтылған жайттар қазіргі әлемде болып жатқан COVID-19 секілді адамдарды жұтып жатқандығы, алғашқы сәтте емінің табылмауы сол кезеңмен қазіргі сәттегі карантин шаралары, елдегі шектеу шаралары туралы да нақтыланғандығы жайындағы сұрақтарға тың деректермен жауаптар берілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=591905668692362&id=100012136062812&sfnsn=mo