Қазақстанның мемлекет болып, керегесінің кеңеюі Елбасының көрегенді саясатының арқасында екені баршамызға аян. «Көреген басшы елді өсіреді» демекші, мемлекет игілігі үшін, Қазақстанның асқақ болашағы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2021 жылы 23 қарашада «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын жариялады. Жас ұрпаққа жолдаған үндеуі біздің бабаларымыздан қалған мұрамен астасып жатқанын тереңнен толғап, нақты дәлелдермен шебер жеткізген. Ол жеті қағидатында 30 жыл толып отырған Тәуелсіздігімізді сақтау – басты құндылығымыз екенін айтып, Тәуелсіз мемлекет, дербес ұлт жағдайында ғана әрбір қазақтың арман-мақсатының орындалуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керектігі туралы айтылады. Әрине, Тәуелсіздік – бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлы жеңіс. Бізге және болашақ жастарға міндеттелген бабалардың баға жетпес аманаты. Осы аманатты көздің қарашығындай сақтау әрбір азаматтың басты парызы. Елбасы Н.Назарбаев бесінші қағидатында «Өркениетті отыз елдің қатарына қосылуда материалдық құндылықтармен қатар, рухани байлықтың маңызы зор» деп баса айтты. Ұлттық құндылықтарды сақтап, қорғау, жаңғырту мемлекеттік саясатың басым бағыттарының біріне айналды. Өскелең ұрпақты ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу керек. Халқымыздың: «Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді», – деген нақыл сөзі бар. Елбасы алтыншы қағидатында еліміздің жастарын білім алуға, ғылым жолына қадам жасауға шақыра отырып, өнер-білімі бар, мәдениеті жоғары елдермен тереземіз тең түсетіндігін айқындап айтқандай.Тарихи маңызы бар қағидаттардың маңыздылығын тек ғана жастар емес, барша қазақ еліне рухани серпін береді. Елбасы сөзімен айтқанда уақытты тиімді пайдалана отырып, үнемшіл, қанағатшыл, ұстамды болып, тәуелсіз елімізде елдікті мәңгілік етейік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!