Ұлылар мекені – Отырардағы Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Сапар орталығында» 2020 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған бұрыш жасақталып, көпшілік назарына ұсынылған болатын. 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Отырар ауданы Қоғам ауылындағы С.Әшіров жалпы орта мектебінің оқушыларын Сапар орталығындағы «Елбасы бұрышымен» арнайы таныстырып, таныстырушы Ж.Орынбай ел үшін еңбек еткен Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасады. Содан соң, Отырар қорық-музейінің ғылыми қызметкері Д.Жұмаханұлының «Егемен елдің – кемеңгер Көшбасшысы» тақырыбында дәріс оқып, жас ұрпаққа Елбасының кемеңгер тұлға екенін танытты.