Тәуелсіз Қазақстанның сара жолы – ата-бабалар арманының орындалуы мен күрделі стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың көрінісі. Бұл – халық пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ірі жеңістерге жетудегі қажырлы, жемісті тарихы. Тәуелсіздік алған 30 жылға жуық уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрслтан Назарбаевтың терең әрі кемел ойын, оның стратегиялық маңызы мен қабылданған шешімдерінің уақтылы екеніне көзіміз жетті. 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Отырар ауданының Арыс ауылындағы П.Әйтменов атындағы жалпы негізгі орта мектебіне Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері А.Таубек «Ел өркендеуіндегі – Елбасы еңбегі» тақырыбында дәріс оқып, оқушыларға Елбасы жайлы бейнеролик ұсынды.Іс-шараға мекеме басшылары тарапынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Оспанов және ұйымдастырушы педагог А.С. Мақсұтұлы және оқушылар қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.