Тарихы тереңде жатқан Түркістан өлкесі әр пенде барып көруді армандайтын орталық екені сөзсіз. Түркістанға келген туристер Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесіне арнайы соғып, зиярат етеді.Бүгін Түркістан қаласында өтетін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылтайына қатысушылары Арыстанбаб кесенесіне келді. Орал қаласындағы «Зерде –Память» қорының төрағасы Төлебаев Қуанышбай Төлебайұлы Отырар ауданы әкімі Әбдіғани Жүнісовті, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жангелді Махашовты және Арыстанбаб кесенесінде туристерге қызмет көрсететін қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай алғыс хаттармен марапаттап, алғыстарын жеткізді.