Бүгін Отырар ауданындағы Мәдениет үйінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Егемен елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде Тұңғыш Президенттің Отырар ауданына сапарынан фотосуреттер мен 2003 жылы Елбасының жеке архиві және кітапханасы қорынан Отырар музейіне арнайы сыйға берілген заттар қойылды. Көрмені тамашалаған көпшілік салтанатты жиынның куәсі болды. Мерейлі мерекелік шараны ашып берген Отырар ауданының әкімі Әбдіғани Жүнісов жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, еңбегі еленген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Аудан әкімінің алғыс хатына Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жангелді Махашов да иеленді. Мерекелік шарада аудан өнерпаздары әндер шырқап, жұртшылыққа мерекелік көңіл –күй сыйлады.