Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі ғимаратының іргетасы 1979 жылғы қаланып, 1982 жылы толық пайдалануға берілді. Қорық-музей ашылғаннан бері республика көлемінде археологиялық жәдігерлерді зерттеу, қазба жұмыстарын жүргізу, реставрация және консервация арқылы ескерткіштердің сақталуын қадағалайтын, сонымен қатар, халқымыздың этнографиялық және рухани, мәдени мұраларын жинақтап, сақтау, зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүргізетін бірден-бір мекеме болып қызмет істейді.Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай қорық-музейдің 30 жылда жеткен жетістіктері мен белестері туралы бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.