Дәурен Абаев Алматы қаласындағы мәдениет нысандарын аралады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына, Қазреставрацияға, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильмге», ҚР Мемлекеттік академиялық би театрына  және Республикалық академиялық…

Жалғасы...

ДІНДАР ДАНА — ҚОНАЕВ

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының таныстырушысы Дулат Маржан Адырбекқызы Отырар ауданы Қоғам ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларына «Діндар дана- Қонаев» тақырыбында дәріс-сабақ өтті. Көрнекті қайраткер, ғалым, академик Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған дәрісте кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі мен ерең еңбектері айтылды.

Жалғасы...

Дәурен Абаев «Kazakh Tourism ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Kazakh Tourism ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды. Сонымен қатар кездесуге Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысты. Іс-шара барысында компания төрағасы Талғат Аманбаев ұйым жұмысының негізгі бағыты, туризм саласын дамытудың аспектілері және болашақ жоспарлары туралы толығырақ айтып берді. Кездесуде Дәурен Абаев еліміздің рекреациялық, туристік әлеуетін арттыру ісінде компанияға…

Жалғасы...

XXIV қысқы Олимпиадаға дайындық барысы туралы кеңес өтті

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Бейжіңде (Қытай) өтетін XXIV қысқы Олимпиадаға дайындық барысы туралы кеңес өтті. Алқалы жиында Дәурен Абаев қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың алдында тұрған бірқатар міндеттерді белгіледі. «Еліміз үшін осындай қысылтаяң шақта біз спортшыларымызға алдағы ақ Олимпиадада допингсіз, дау – жанжалсыз лайықты дәрежеде өнер көрсету міндетін қойып отырмыз. Әрине…

Жалғасы...

Бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

Бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. Дәурен Әскербекұлы 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған. 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеген. 2003 жылдың мамыры мен 2007…

Жалғасы...