Отырар  өңіріндегі  ескерткіштерді қорғау және сақтау

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі – Отырар өңіріндегі ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.  Осыған орай, «Тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми – зерттеу» бөлімінің қызметкерлері Аққұм ауыл округінің әкімшілігінде «Отырар өңіріндегі ескерткіштерді қорғау және сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Жиын барысында Аққұм округіндегі…

Жалғасы...

Түркістан қаласының оқушылары Отырардың тарихи құндылықтарымен танысты

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №27 IT мектеп лицейінің оқушыларына «Көне тарихтың куәсі құнды жәдігерлер» тақырыбындағы көрмесі таныстырылды. Көрменің мақсаты: Отырар өңірінің бай мұрасын оқушыларға таныстыру, мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіштерімізді сақтауға, тарихымызды жаңғыртуға, жас жеткіншектерге тарихымызды насихаттай отырып, оларға рухани тәрбие беру болып табылады. Көрмеге Отырар өңірінен табылған сақ,…

Жалғасы...

Құқықтық нигилизм: Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы “Құқықтық нигилизм: Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бүгінгі таңда қоғамда құқықтық нигилизмнің таралуы елдің демократиялық және экономикалық дамуына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мәлімдеген ауқымды реформаларға елеулі қауіп төндіреді. Азаматтардың құқықтық нигилизмге, заңды құрметтемеуге бейімділігін қоғам өміріндегі жағымсыз трендтердің бірі деп атауға болады. Мұның басты себептері – азаматтардың құқықтық…

Жалғасы...

Шахматтан ҚР чемпионаты өтеді

Қазақстан шахмат Федерациясы осы жылдың 19-30 наурызы аралығында Алматы облысының Ak Bulak тау-шаңғы курортында 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі жас категориялары бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы стандартты, рапид және блиц шахмат бойынша Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Чемпионаты өтетінін хабарлайды. ҚРЧ жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды. Чемпионат қатысушыларын көптеген спорттық…

Жалғасы...

Жеке тұлғалардың банкроттығы: салдары қандай?

2022 жылдың 9 ақпанында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жеке тұлғалардың банкроттығының қандай салдарлары болатынын атап берді. Біріншіден, банкроттықтан кейін азамат 5 жыл бойы қарыз, несие ала алмайды. Екіншіден, банкроттықтан кейін азамат емделу, жақын туыстарын емделуге апару немесе жерлеуге баруды есептемегенде, 3 жыл бойы елден тыс жерлерге шыға алмайды. Азаматтар…

Жалғасы...

РУХЫ МУЗЕЙ ДЕП ЖАРАЛҒАН ЖАН

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен ақпан айының 8 күні «Темір» атындағы жалпы орта мектебінде Отырар музей-қорығының негізін қалаған Асантай Әлімовтың 11 ақпан туған күніне орай «Музей адамы – Асантай Әлімов» тақырыбында ғылыми–тәжірибелік семинар және көшпелі көрме өтті. Тағлымды іс-шараға мәдениет саласының қызметкерлері, орта білім беру мекеме өкілдері, оқушылар қатысты. Семинарды ашып беру үшін сөз берілген…

Жалғасы...

Гауһар ана кесенесі: Сапар орталығының құрылысы басталды

Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығының құрылысы басталды. Сапар орталығы 1,25 га аумақты қамтиды. Құрылыс аумағы — 683,68 шаршы метр, көгалдандыру аумағы — 8758,27 метр. Гауһар ана кесенесіне келушілер мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынған сапар орталығында ақпараттық орталық, қонақ үй, автотұрақ қарастырылған. Құрылыс мерзімі 6 айға жоспарланған.…

Жалғасы...

Қазақстан ОАЯҚААШ қатысушы-мемлекеттерін Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартына қосылуға шақырды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттелген Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы шартының (ОАЯҚААШ) қатысушы-мемлекеттерінің елшілерімен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат қалыптасқан достық пен бауырластық қатынастарын ескере отырып, ОАЯҚҚА серіктестерін ядролық қаруға тыйым салу туралы шартына (ЯҚТCШ) қосылуға және сол арқылы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес…

Жалғасы...