Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттелген Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы шартының (ОАЯҚААШ) қатысушы-мемлекеттерінің елшілерімен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат қалыптасқан достық пен бауырластық қатынастарын ескере отырып, ОАЯҚҚА серіктестерін ядролық қаруға тыйым салу туралы шартына (ЯҚТCШ) қосылуға және сол арқылы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосуға шақырды.

А.Рахметуллин әлем бойынша ядролық қарусыз аймақтар қатысушыларының ядролық қарусыздану процесінің алдыңғы қатарында екенін мәлімдеді. Ол ядролық қарусыз аймақтарды құру мақсаттары мен міндеттері ЯҚТСШ рухы мен қағидаларына сәйкес келетінін атап өтті. ЯҚТСШ аясында қабылданатын міндеттемелер ОАЯҚААШ қатысушыларымен орындалып келеді. Осылайша, ОАЯҚААШ қатысушы-мемлекеті өзіне қосымша субстантивті міндеттемелерді қабылдамай, ЯҚТСШ-ға қосыла алады. Бұл туралы «Ядролық қаруға тыйым салу бойынша халықаралық науқан» (ICAN) ұйымы дайындаған салыстырмалы талдау дәлелдейді.

Қазақстан ядролық қарусызданудың сенімді жақтаушысы ретінде БҰҰ Ядролық қаруға тыйым салу бойынша міндетті құқықтық құралды әзірлеу бойынша конференцияға белсене қатысты. Бүгінгі таңда еліміз Аустрия төрағалығымен Шартқа қатысушыларымен бірге Вена қаласында өтетін ЯҚТСШ қатысушы-мемлекеттерінің бірінші кездесуіне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ядролық сынақтардан неғұрлым зардап шеккен елдер ретінде Қазақстан мен Кирибатидің бастамасы бойынша төрағалық етуші тарап қолдаған және ядролық сынақтардан кейін радиациялық залалдануға ұшыраған халық пен қоршаған ортаны оңалту жөніндегі шараларды көздейтін және төрағалық тарап қолдаған ЯҚТСШ шеңберіндегі Жағымды міндеттемелер бойынша жұмыс құжаты әзірленді.

Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт (ЯҚТСШ) 2021 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді. 2018 жылғы 2 наурызда Қазақстан ЯҚТСШ-ға қол қойып, бұл тарихи құжатқа қосылған 57 мемлекет болды. 2019 жылғы 29 тамызда Қазақстан ЯҚТСШ-ны ратификациялау құралын шарт депозитарийі – БҰҰ Бас хатшысына енгізді. Біздің еліміз әзірше ЯҚТСШ-ға қосылған ОАЯҚААШ-тың бірінші және жалғыз қатысушы-мемлекеті болып табылады.