2022 жылдың 9 ақпанында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жеке тұлғалардың банкроттығының қандай салдарлары болатынын атап берді.

Біріншіден, банкроттықтан кейін азамат 5 жыл бойы қарыз, несие ала алмайды.

Екіншіден, банкроттықтан кейін азамат емделу, жақын туыстарын емделуге апару немесе жерлеуге баруды есептемегенде, 3 жыл бойы елден тыс жерлерге шыға алмайды.

Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттықты қайта қолдана алады.

Азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары және ары қарай қандай қаражат көздері есебінен өмір сүре алатынын ойлануы қажет.

Жалпы, банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға борыштық жүктемесінен құтылуға және белсенді экономикалық қызметін жүргізуді бастауға мүмкіндік береді.