Қазақстан шахмат Федерациясы осы жылдың 19-30 наурызы аралығында Алматы облысының Ak Bulak тау-шаңғы курортында 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі жас категориялары бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы стандартты, рапид және блиц шахмат бойынша Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Чемпионаты өтетінін хабарлайды.

ҚРЧ жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды.

Чемпионат қатысушыларын көптеген спорттық ойын-сауық бағдарламасы күтеді, соның ішінде викториналар, гроссмейстерлер мен ҚР шеберлерінің бір мезгілде ойнау сеанстары.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Бас жүлде (Кубок) ең көп алтын медаль жеңген өңір делегациясына беріледі. 

Турнир регламентіне сәйкес, классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі чемпиондары, классикалық ойындардан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға құқық алады.

2022 жылғы шахмат классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жас санаттарына дейінгі Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегерлері, ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.

Жарысқа қатысуға өтінімдер, іріктеу турнирлерінің кестелері немесе жаттықтырушылар кеңесінің шешімінің хаттамасы 2022 жылғы 15 наурыз сағат 12:00-ден кешіктірмей shatranj.chess.almaty@gmail.com электронды мекенжайы бойынша қабылданады. Егер өтінім белгіленген мерзімнен кешігіп берілсе, спортшылардың жарысқа қатысуына кепілдік берілмейді.

Жарыс Қазақстандық шахмат федерациясының, Алматы облысының шахмат федерациясының және SHATRANJ балалар-жасөспірімдер шахмат клубының (Алматы қ.) бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Қосымша ақпарат kazchess.kz сайтында @kzchessfederation (Instagram), @kazchesskz (Facebook) әлеуметтік желілерде жарияланады.