Бүгін Қытай мемлекетінің астанасы Бейжіңдегі Паралимпиадада қазақ спортшысы Александр Герлиц қола жүлде жеңіп алды.

Александр Герлиц пара биатлоннан 10 км қашықтықта тұрып сырғанаудан үздік үштік қатарынан көрініп, ел мерейін үстем етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңдегі XIII қысқы Паралимпиадаға әлемнің 50 мемлекетінен 700ден астам спортшы қатысып жатыр.

Паралимпиадаға Қазақстан тарапынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен қатысып, ел намысын қорғауда.