Бүгін 2022 жылдың 13 сәуір күні Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция жиыны болып өтті. Конференцияның мақсаты: Жас ғалымдардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру, қолдау және олардың ғылыми ізденістерін айналымға енгізу. Конференцияға 7 секция түрінен ЖОО – ның студенттері, магистранттар, докторанттар мен Отандық жас ғалымдар қатысты. Аталған іс – шараға Отырар мемлекеттік археологиялық музей – қорығының атынан Философия мамандығы бойынша Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, кіші ғылыми қызметкер Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы «Әл – Фарабидің этикалық көзқарастары» тақырыбында ғылыми баяндамасын қорғады. Ғылыми баяндамада Әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарына», «Бақытқа жету жолдары» трактатындағы гуманистік – этикалық ілімдерін философиялық тұрғыдан талдап, ұлы ғұламаның адамзат өміріне сан ғасырлық рухани азық болатын даналық ойларын көпшілікке әңгімелеп берді. Конференция соңында университеттің ұйымдастыру алқасы Халықаралық жиынға қатысушы жас ғалымдарға сертификаттар табыс етіп, алғысын білдірді. Конференция жоғары дәрежеде аталып өтілді.