Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінде «Музей қорындағы 19-20 ғғ. жататын асханалық бұйымдар» тақырыбында көрме өтті. Көрменің мақсаты – Отырар музейінің қорында сақталған қазақтың табақ-аяқ, асханалық бұйымдары туралы, олардың адам денсаулығына пайдасы мен қасиеттері, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру, жәдігерлермен таныстыру. Көрмені аға ғылыми қызметкері Айтбай Сәбира таныстырып, музей қорындағы асханалық бұйымдар туралы мағлұматтар берді.