Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен А. Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылдың сәуір айының 22-сі күні «Сәнді әшекей бұйымдар сыры» тақырыбындағы көрме өтті. Көрменің мақсаты: ежелден келе жатқан мәдени мұрамыз болып саналатын, қолөнер бұйымдарымен халық шеберлерінің қолынан шыққан өнегелі істерін көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізу. Көрмеде ХҮІІІ-ХХғ.ғ. аралығын қамтитын этнографиялық жәдігерлер коллекциясы және музей экспозициясымен қолөнер шеберлерінің ұсталық тыныс-тіршілігі «Сәнді әшекей бұйымдар сыры» тақырыбындағы слайд арқылы оқушыларға таныстырылды . Көрмені Отырар музейінің аға ғылыми қызметкері Қалипа Кемелова таныстырып, музей қорындағы зергерлік бұйымдар жайында мағлұматтар берді.