Кеңес Одағының батыры Темірбек Ибрагимовтың 100 жыл толуына және Ұлы Жеңіске 77 жыл толуына орай Түркістан облысы, Отырар ауданы, Т.Ибрагимов атындағы мектебінде жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан XI-шы облыстық жарыс өтті. Аталған іс-шарада «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Отырар мәдениетінің дамуы» тақырыбында жылжымалы көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрменің мақсаты: Отырар өңірінің ғажайып жауһар жәдігерлері мен Отырардың бай тарихын, мәдени мұрасын насихаттау. Көрмені «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері Қ.Шоқаев, А.Таубектер таныстырып, өңір тарихымен кеңінен мағлұматтар берді.