Отырарлықтар 7 мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы және 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесін атап өтті. Жыл сайын ерекше мән беріліп аталып өтетін қос мерекеге арналған салтанатты жиын биыл Ынталы ауылындағы саябақтағы құрмет тақтасына Отанын басқыншы зұлым жаудан қорғауда мерт болған боздақтардың құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі жасалып, театрландырылған сахналық көріністер көрсетілді. Айтулы қос мерекеге орай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Мұхтар Әуезұлы баяндама жасаса, аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар құттықтап, бір топ азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады. Бұдан кейін соғыс жылдарынан сыр шертетін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы мен «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Ер — ел қорғаны» тақырыбындағы көрме көрермендер назарына ұсынылып, мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
- Басты бет
- Музей туралы
- Басшылық
- Құрылым
- Бөлімдер
- Археология ғылыми-зерттеу бөлімі
- Қор сақтау ғылыми-зерттеу бөлімі
- Тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми-зерттеу бөлімі
- Экспозиция, экскурсия және қоғаммен байланыс ғылыми-зерттеу бөлімі
- Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар ғылыми-зерттеу бөлімі
- Реставрация және консервация ғылыми-зерттеу бөлімі
- Музей тарихы
- Адалдық алаңы
- Ашық деректер
- Ғылыми қызмет
- Экспозиция
- Жаңалықтар
- Бос лауызымы