Қазақстанның даму саясатында тарихи мәдени мұра және рухани құндылықтарды сақтау және дәріптеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар, белгілі тарихи мәдени объектілердің негізінде туристтік орталықтар құру жоспарланған.
Қазақстан Республикасының 2019-2025 жылға арналған туристік саланы дамыту үшін мемлекетттік бағдарламасы айқындайтын міндеттерді орындау мақсатында, жол картасы мен Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті “Қазқайтажаңғырту” РМҚК 2022 жылға жоспарланған тапсырмасы бойынша археологиялық жәдігерлерді сақтау бойынша отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты: сақтау методикаларын халықаралық деңгейде насихаттау, Отырар қалажұрты археологиялық ескерткішін кең жұртқа таныстыру, ашық аспан астындағы археологиялық құланды құрылысты сақтау үшін қолданатын технологияларды насихаттау, ежелгі Отырар тұрғын үйлерін реставрациялау және макетін дайындау, жол тораптарын, қоғамдық құрылыстардың (монша, мешіт) қалдықтарын және қорғаныс жүйлерінің элементтерін таныстыру және т.б. Ескерткішке келушілерге инфақұрылым жасау. Реставратор-мамандармен, Жібек жолы номинациясы бойынша халықаралық мамандармен тәжірибе алмасу.
Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет», деп Отырар тарихын зерттеу, қалпына келтіру мәселелеріне қозғау салған еді. Осы орайда Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен Отырар қалажұртын қалпына келтіруге, туризм саласын жандандыруға бағытталған 3 жылдық жоба (2020-2022 жж) бойынша жұмыстар атқарылып, биылда жалғасын табуда. Ғылыми – тәжірибелік конференцияға жиналған археолог-ғалымдар мен реставраторлар Отырар қалажұртына экскурсия жасап, ондағы аршылған нысандарға жүргізілген археологиялық, реставрациялық жұмыстарымен танысты.
Конференцияны Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сейітова Күміс Қарсақбайқызы ашып беріп, конференцияға жұмысына сәттілік тіледі.
Одан соң, алғашқы баяндама оқыған «Отырар» мемлекеттік археологиялық-музей қорығы директорының орынбасары, археолог Ақылбек Серік Шаймерденұлы «Отырар қалашығын қайта жасау» жобасының презентациясымен таныстырып, Ортағасырлық Отырар қаласына жүргізілген археологиялық жұмыстарды баяндап өтті.
Кезекті баяндаманы «Казқайтажаңарту» РМК бас директорының орынбасары Нұрмагамбетов Исабек Маратовұлы «Отырар қалажұртын қайта жасау» 3 жылдық жобасы аясында атқарылған реставрациялық жұмыстары мен ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Одан соң, шетелдік ғалымдар: Аманбаева Бахыт Элтиндиевна, Рахимов Набиджон Турдиалиевич, Юсупова Мавлюда Аминжановна, Анарбаев Абдулхамидтардың және еліміздегі белгілі ғалымдар «Алтынбеков Крым Алтынбекұлы, Мамиров Талғат Базарбаевич, Қазахстан Республикасындағы «ICOMOS» қоғамдық бірлестігінің президенті Турекулова Наталья Викторовна, Аяған Бүркітбай Ғелманұлының баяндамалары тыңдалды.
Конференция соңында баяндамашылардың және экскурсия барысында Отырар қалажұртындағы атқарылған жұмыстар туралы ғалымдардың ой-пікірлері тыңдалып, ұсыныстар да айтылды.