Көрмені Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Болдықов Жандос Бекділдаұлы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының м.а Махашов Жангелді Меңлібайұлы ашып берді.
Көрмеде Ұлы Жібек-жолы бойындағы кең алқап Отырар өркениетінің ортағасырлық тарихынан мейлінше толық мәлімет беру үшін «Отырар» музей-қорығының археологиялық және жазба ескерткіштер қорынан 170-тен астам жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады.
Көрме екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім – Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қала мәдениетінің дәуірлеген кезіндегі Отырар, яғни ІХ-ХІІ ғғ. Отырардың тыныс-тіршілігін баяндайтын зерттеулер нәтижелері мен сол кезеңдерге тән түпнұсқа жәдігерлер. ІІ-бөлімде – Моңғол шапқыншылығынан кейінгі Отырардың қайта өркендеу дәуірі. Әйгілі сұлтан Әмір Темір дәуірі және Қазақ хандығы тұсындағы Отырардың даму кезеңдерінен хабар беретін заттай жәдігерлер.
Көрме 1 ай көлемінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 8
 
 
36
 
Комментарии: 7
Поделились: 7
 
Нравится
 

 

 
 
Комментировать
 
 
Поделиться