Р Мәдениет және спорт министірлігінің қаржыландыруымен «Қазқайтажаңғырту» кәсіпорны Отырартөбе қалажұртында іске асырып жатқан, 2020-2022 жылдарға жоспарланған жобасының археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Archeo-service» компаниясы атқарып келеді. Бұған дейін осы жоба аясында Отырар шахристанының Бас көшелері, көше бойындағы тұрғын жайлар, керамикалық өндіріс орындары, солтүстік және Сопыхана қақпалары, қорған қабырғалары аршылып, зерттелді.
Биылғы далалық маусымда шахристанның Жарақты қақпасынан кірген бойда, Бас көшенің оң бетінен ірі қоғамдық ғимараттың қалдықтары анықталды. Ғимарат күйдірілген қыштан тұрғызылған. Бірнеше әртүрлі функционалды, әртүрлі конфигурациялы бөлмелерден тұрады. Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ. Жалғасып жатыр.
Алдын ала болжам бойынша бұл ғимарат ханака қызметін атқарса керек. 14 ғасырдың басында Ерзен хан салдырған ғимараттардың бірі болуы мүмкін.
Ғимараттың қызметі және өмір сүрген мерзімі зерттеу жұмыстары аяқталған соң нақтыланады.
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 2
 
 
15