• Жек. Қыр 25th, 2022

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

Byadmin

Қыр 14, 2022

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толғалы отырған мерейлі жыл. Осыған орай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында іс –шара өтті. Іс-шараның алғашқы бөлімінде ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарға әдеби мұрасын таныстыру мақсатында қойылған кітап көрмесі таныстырылды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетіне сыншы, публицист, әдебиет тарихшысы, аудармашы және педагог ретінде елеулі үлес қосқандығы туралы кітапханашы Оразкүл Орынбек мәлімет беріп өтті. Одан соң, шараның екінші бөлімі – дөңгелек үстелге жалғасты. Жиынды ашып беру үшін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры м.а Жангелді Махашовқа сөз беріліп, ол өз сөзінде тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы қазақ әліпбиіне, әдебиетіне салған үлестері келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала беретіндігіне тоқталды. Іс –шара барысында мектеп оқушылары ұлы ұстаздың өлең шумақтары мәнерлеп оқылып, күйлер тартылды. Ғылыми қызметкер Мира Ахмет қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі – Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері туралы мәліметтер берілетін баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, ортаға жиынға қатысушы қонақтар мен музей қызметкерлерінің ой-пікірлері тыңдалып, қазақ халқының қоғамдық ой-санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар А.Байтұрсыновтың есімімен байланысты екені

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.