• Жек. Қыр 25th, 2022

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Byadmin

Қыр 2, 2022

Елімізде 10 тамыз күнін Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай күні» деп белгіленген еді, осыған орай және 2022 жыл «Балалар жылына» орай ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын келер ұрпаққа дәріптеу, шығармалары арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, оқырмандардың ықыласын арттыру мақсатында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы мен Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай оқулары» байқауы өтті.

Байқау 3 кезең бойынша өтті. Бірінші кезең «Абай мұрасы – халық қазынасы» (Бұл кезеңде Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп оқу керек, кемінде 5 қара сөзін жатқа білуі тиіс)

Екінші кезең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу. Кемінде 10 өлеңін жатқа білуі тиіс. Абай Құнанбайұлының шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру)

Үшінші кезең. «Әнді сүйсең, менше сүй» деп аталады. (Абай Құнанбайұлының бір әнін орындау)

Іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы ашып берді, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне тоқталып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. «Абай оқулары» байқауында Отырар аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Жаппаров Бағлан Ғалымжанұлы, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бөлім меңгерушісі Ақлима Жұмашова, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкері Мадина Шәріпбекова қазылық жасап 3 кезең бойынша оқушылардың еңбектері бағаланып, ұпай саны бойынша жүлде орындарын анықтады.

Іс-шараны қорытындылған Отырар аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Жаппаров Бағлан Ғалымжанұлы, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бөлім меңгеруші Ақлима Жұмашова бүгінгі іс-шараның жоғарғы деңгейде өткенін айтып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Одан соң марапаттау кезеңі басталды. «Абай оқулары» байқауының нәтижесі бойынша бас жүлдені Көкмардан жалпы орта мектебінің оқушысы Мұсахан Әділет иеленді, (жүлде қоры 50000 теңге)

І орынды Отырар жалпы орта мектеп оқушысы Ілескенқызы Ұлбала иеленді. (жүлде қоры 30000 теңге) ІІ орынды С.Әшіров атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Тұрарбекова Махаббат иеленді. (жүлде қоры 20000 теңге), ІІІ орынды Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл окрігінен Молдабек Аружан иеленді. (жүлде қоры 15000 теңге) «Поэзия оқу шебері» номинациясын Отырар ауданы, Ескі Шілік ауыл округінен Анарбаева Ардақ иеленді, «Көрермен көзайымы» номинациясын Шәуілдір ауыл округінен Амангелді Нұрай иеленді, «Көркем сөз оқу шебері» номинациясын Отырар ауданы, Ақтөбе ауыл округінен Баутан Есенгелді иеленді. Сонымен қатар байқауда қазылық жасаған әділ қазылардың шешімі бойынша алғыс хаттар, арнайы сыйлықтар табысталды.

Бүгінгі ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, дәріптеу мақсатында өткен байқауымызға қатысқан оқушыларға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Related Post

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.