• Дүй. Қыр 26th, 2022

АБАЙ – ДАРА АҚЫН

Byadmin

Қыр 2, 2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 тамыз күнін Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай күні» деп белгілеген еді. 09 тамыз күні Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының еңбектерін насихаттау мақсатында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығында «Абай-дара ақын» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бөлім меңгерушісі Ақлима Жұмашова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының еңбектеріне тоқталып өтті. Одан кейінгі кезек баяндамаларға берілді. «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы баяндама бойынша сөз кезегі Руханият Әбу Насыр әл-Фараби музейінің бас қор сақтаушысы Әбжаппар Жанболатқа берілді. Келесі сөз кезегі «Абай-дара ақын» тақырыбындағы баяндама бойынша Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бөлім меңгерушісі Ақлима Жұмашоваға, «Ұлы халықтың ұлы Абайы» тақырыбындағы баяндама бойынша сөз кезегі Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері Жадыра Өскенбаеваға берілді. Іс-шара барысында Көкмардан жалпы орта мектебінің оқушысы Мырзабек Айару «Жаз», Ө.Жәнібеков атындағы лицей – интернатының оқушысы Оралбек Керімбек «Күз», Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Абдулла Ақарыс «Қуанба Жастыққа», тақырыптарында ақынның өлеңдерін жатқа айтып беріп, қара сөздерінен үзінді оқып, күй тартты. Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін музей қызметкерлері орындап берді. Іс-шараны Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Айтбай Сабира қорытындылады. Іс-шара соңында кітапханашы Орынбек Оразкүл «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырып өтті. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қаламынан туған еңбектері халқымен бірге мәңгілік жасай бермек.

Related Post

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.