• Жек. Қыр 25th, 2022

Қоржын үй

  • Home
  • Қоржын үй

Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі

Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі алғаш рет 1982 жылы этнография бөлімі болып құрылып, 1998 жылға дейін жұмыс жасады. 1998-2004 ж.ж. Арыстанбаб және этнография бөлімі болып өзгертілді. 2005 жылы қаңтар айынан бастап этнография бөлімі болып қайта құрылып, 2018 жылға дейін жұмыс атқарып келді.
2018 жылы этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі болып өзгертіліп жүйелі түрде жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі құрамында бөлім меңгерушісі А.А.Жұмашова, 2 аға ғылыми қызметкер, 3 ғылыми қызметкер, 2 кіші ғылыми қызметкер бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады.
Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі музейдің ғылыми-іздестіру, жинау, сақтау, ғылыми-экспедиция, ғылыми-зерттеу, ғылыми-экспозиция, ғылыми – баспа, т.б. жұмыстары аясында міндеттер атқарып келеді.
Бөлім қызметкерлері этнографиялық деректер негізінде ғылыми еңбектер жазып, оларды халыққа насихаттаумен, ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ел арасынан жәдігерлер жинастырумен айналысуда.
Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі қазақ халқының әдет-ғұрпына, қолөнеріне, тұрмысына, кәсібіне, заттық және рухани мәдениетіне байланысты деректерді жан-жақты ғылыми негізде зерттейді. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, ғылыми байланыс, ғылыми-көпшілік, насихаттау мақсатында музейдің этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімі мына жұмыстарды атқарады:
Музейдегі этнографиялық, фольклорлық материалдарды зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Белгілі тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу;
Музей ұйымдастырған ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып ел арасынан жәдігерлер жинастыру;
Музей ісі бойынша ғылыми әдебиеттер, белгілі бір тақырыпта қазақ халқының заттық және рухани мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, қолөнеріне, шаруашылығына, наным-сенімдеріне байланысты ғылыми материалдар жинастыру;
Отырар өңірінің этнографиялық мұраларын зерттеу және насихаттау;
Отырар өңіріндегі қолөнер шеберлерін зерттеу және насихаттау;
Музей қызметкерлері, қолөнершілер, этнографтар, тарихшылар, археолог ғалымдар арасында семинарлар, конференциялар өткізу;
Мектептерде, мекемелерде қазақ халқының этнографиясына, фольклорына байланысты көшпелі көрме қойып, лекция оқу;
Жоғарғы оқу орындарында, мектептерде, кітапханаларда, мекемелерде халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, форумдарға қатысу;
Ғылыми және мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру;
Музейлер арасында өзара ынтымақтастық орнату;
Ғылыми журналдарда этнография, фольклор, Қазақстан тарихына байланысты мақалалар жариялау;
Музейдің қор бөліміндегі этнорафиялық жәдігерлерге зерттеу жүргізу;
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын жүргізу;