• Дүй. Қыр 26th, 2022

Көрмелер

  • Home
  • Көрмелер

Көрмелер

ШЕЖІРЕЛІ ШЫҢҒЫСТАУДАН КИЕЛІ ОТЫРАРҒА

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы сапар орталығында» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «ШЕЖІРЕЛІ ШЫҢҒЫСТАУДАН – КИЕЛІ ОТЫРАРҒА» тақырыбында жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті.Толығырақ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» АТТЫ КӨРМЕМЕН ТАНЫСТЫ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл» толуына орай Түркістан облысы, №7 С.Ерубаев және №8 Н.Төреқұлов мектеп оқушыларына «ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» тақырыбында көрмесі таныстырылды.Толығырақ

«ҰЛЫ ҰСТАЗ ДӘУІРІМЕН ҮНДЕСКЕН ЖӘДІГЕРЛЕР»

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» мен Руханият Әбу Насір әл-Фараби мұражайы және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 28 қаңтар күні Отырар аудандық мәдениет сарайында Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «ӘБУ НАСІР ӘЛ-ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» облыстық байқауы өтті.Толығырақ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ

 

21 ақпан күні Отырар ауданы С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебінде жастардың бойындағы болашақ еліміздің өркендеуіне, өсуіне өнеріне қосар үлесін қолдау мақсатында «Болашақ білімдінің ғасыры» атты өнер фестивалі өтті.Толығырақ

РУХЫ АСҚАҚ, КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ – ОТЫРАР АУДАНЫНА 85 ЖЫЛ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» мен Отырар ауданы С.Әлиев орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «РУХЫ АСҚАҚ, КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ – ОТЫРАР АУДАНЫНА 85 ЖЫЛ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: ауданның құрылуына мұрындық болған ұлы тұлғалардың атқарған істері мен ауданның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстары туралы насихаттау.Толығырақ

АБАЙ МҰРАЛАРЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлері мен Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің жастар ісі жөніндегі инстекторы Сейітмұрат Жаннаның ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ғылыми – танымдық сабақ өтті.Толығырақ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ОТЫРАР – ҒҰЛАМАЛАР МЕКЕНІ

 

Биыл Отырар ауданының құрылғанына 85 жыл. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында «Тарихы терең Отырарға 85 жыл» тақырыбында көрме өтті.Толығырақ

ҚАМАЛЫ БЕКЕМ, ХАЛҚЫ ҚАЙСАР – ОТЫРАР

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі қызметкерлері Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына және Отырар қорғанысына 800 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында Түркістан облысы Келес ауданында Омар Есімов атындағы №1, Мұхтар Әуезов атындағы №7 және Абай орта мектептерінде «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды.Толығырақ

ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЙШЫҚТЫ БЕЛГІСІ

 

Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің айғағы – Ұлттық валюта күні. Осыдан тура 26 жыл бұрын төл теңгеміз айналымға енді. 1993 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, 15 қараша күні теңге ресми айналымға енген болатын.Толығырақ

АСҚАҚ РУХТЫ АТА ЗАҢ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» және Орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастыруымен 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Асқақ рухты Ата заң» тақырыбында көрме ашылды.Толығырақ

ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ ІЗДЕРІ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде 20 тамыз күні Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ежелгі металлургия іздері» тақырыбында көрмесі ашылды.Толығырақ

ҚАМАЛЫ БЕКЕМ, ХАЛҚЫ ҚАЙСАР ОТЫРАР (Отырар қорғанысына 800 жыл)

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар- Отырар» (Отырар қорғанысына 800 жыл) тақырыбындағы жоспарлы жылжымалы көрмесі Алматы қаласында жалғасын тапты.Толығырақ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ

 

2019 жылы 5 тамыз күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Елорда күніне орай «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» тақырыбында көрменің ашылуы өтті.Толығырақ

ТАБИҒАТТАН АЖЫРАМАС ӨНЕРДІҢ ШЫҢЫ

 

Қазіргі жаһандану кезеңде санамыздың жаңғыруы ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау, сақтау арқылы жүзеге асады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – қазақтың мәдениет, тарих, болмыс құндылықтарын көрсетеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ата-бабаларымыздың өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі деп санағандығын атап өтті.Толығырақ

ҚАЗАНАТ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТІ

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті кереметін атап көрсетті. «Жеті қырдың» алғашқысы атқа міну мәдениетіне арналды. Адамзат өркениетінің дамуына жылқының қосқан үлесі ұшан-теңіз.Толығырақ

Невада Семей – ғасыр қасіреті

 

2019жылдың 26aқпан күні Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Этнография, әдебиет және мәдени-көпшілік іс-шаралар» бөлімінің ұйымдастыруымен «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Невада Семей – ғасыр қасіреті» атты тақырыпта дөңгелек үстелдің болып өтті.Толығырақ

Қолөнер ұлттық құндылығымыз

 

2019 жылы 25 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжінде Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көне тарихтың куәсіндей жәдігерлер» тақырыбында көшпелі көрме өтті.Толығырақ

Қолөнер ұлттық құндылығымыз

 

Бүгін 18 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлері «Отырар» және «Қарғалы» жалпы орта мектептерінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қолөнер ұлттық құндылығымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырды.Толығырақ

РУХЫ МУЗЕЙ ДЕП ЖАРАЛҒАН ЖАН 

2019 жылдың 7 ақпан күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің негізін қалаушы, тарихшы ұстаз Асантай Әлімұлының туғанына 90 жыл толуына орай «РУХЫ МУЗЕЙ ДЕП ЖАРАЛҒАН ЖАН» тақырыптық көрме ашылды.Толығырақ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

 8 тамыз күні Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Киелі Отырардың мәдени мұралары» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды.Толығырақ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ОТЫРАРДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

 

3 тамыз күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданының тарихи-өлкетану мұражайында «АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ» тақырыбында көшпелі көрме өтті.Толығырақ

КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ

 

15 мамыр күні сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өтті.Толығырақ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӘБУ НӘСІР ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫН НАСИХАТТАЙТЫН КӨРМЕ ӨТТІ

 

5-мамыр күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ» тақырыбында көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмені «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары Дәурембеков Қуаныш Кәрібайұлы ашып беріпТолығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

 

Бүгін 9-мамыр жеңіс куніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі «Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат » тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру.Толығырақ

ОТЫРАР АЛҚАБЫ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ КІТАП- АЛЬБОМ

 

Жақында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің қызметкерлері Ералы Шоқай мен Сәбит Пәрменқұлдың авторлығымен «ОТЫРАР АЛҚАБЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР» атты кітап – альбом жарыққы шықты.Толығырақ

АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІНІҢ АУЛАСЫНА ЖЕМІС АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

 

Көктем мезгілі басталған соң адамзаттың алдында тұрған басты парыздарының бірі – ағаш егу жұмысы болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.) хадисінде «Ақырзаман келіп тұрса да егер бойыңда ағаш егуге жетерлік күшің болса, онда ағаш ек» деген екенТолығырақ

КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ

 

Бүгін Астана қаласындағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» мен «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының» ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАЛАРЫ» атты көрменің ресми ашылуы өтті.Толығырақ

Отырар өңірінің күнделікті тұрмыстық тіршілікке ас үйлік жәдігерлері

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайының «Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау» ғылыми – зерттеу бөлімі Отырар өңірінен қазба нәтижесінде табылған тұрмыстық заттарын, олардың тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрлі өнерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында С.Сейфуллин орта мектебінде «Отырар өңірінің күнделікті тұрмыстық тіршілікке ас үйлік жәдігерлері» тақырыбындағы көрме ұйымдастырды.Толығырақ

«Фараб – Отырар» көрмесі Қызылжарда

 

19 Қыркүйек күні, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Абылай хан Резиденциясы мұражай-кешенінде» «Фараб-Отырар өркениеті» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды.Толығырақ

Отырар жәдігерлері – Қостанайда

 

2017жылы 17-шілде күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырған «Фараб – Отырар өркениеті» тақырыптық көрмесінің ашылу салтанаты болды. Аталған көрменің мақсаты Қазақ өркениетінің алтын діңгегі – Отырар тарихын еліміздің аймақтарында кеңінен насихаттау.Толығырақ

Отырардың көне кітаптары – Түркістан төрінде

 2picture

Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Рухани жаңғырудың бір кепілі − көне кітаптар» тақырыбында кітаптар көрмесінің тұсаукесері болып өтті. Көрменің мақсаты тарихы тереңде жатқан рухани білім беретін қолжазбаларды насихаттап қайта түлету болып табылады.Толығырақ

Арыстанбаб кітапханасы – қайта оралған қазына

 

Арыстанбаб кесене-мешітіндегі кітапхана 1930 – жылдары «қызылдардың қырғыны» кезінде аяусыз талқандалып, 60-жылдары «Қызыл бұрыш» болып қайта ашылып, маркстік–лениндік әдебиеттермен толықтырылған.Толығырақ

Павлодар қаласындағы көрме

 

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музейінде 2013 жылдың 18 мамыр- 17 маусым аралығында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Фараб-Отырар өркениеті» атты көрмесі жұмыс істеді.Толығырақ

Ақпан айының 19 – 29 аралығында аудан көлемінде

Ақпан айының 19 – 29 аралығында аудан көлеміндегі М.Шаханов, С.Құртаев, А.Дәрібаев жалпы орта мектептерінде өткізілгенТолығырақ