Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері сан мың жылдық тарихы бар бұл өңір ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын тарихи және мәдени ескерткіштерге бай өлке.
Түркістан мен Отырар аумағындағы тарихи-мәдени мұралар арқылы танымдық саяхаттарды дамытуға мүмкіндік мол. Жаңа облыс орталығы — Түркістанды дамытумен туризм саласын дамыту негізгі мәселенің бірі.