Музей жұмысының негізгі бағыты Отырар өңіріндегі ескерткіштердің сақталуын бақылау жұмыстары. Музей есебіне алынған Отырар ауданындағы 13 ауылдық округ бойынша 202 тарихи-мәдени ескерткіш. Оның ішінде Республикалық маңызға ие 3 ескерткіш, жергілікті маңызға ие 73 ескерткіш бар. 126 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған. 63 ескерткішке мемлекеттік акт алынған, қорғау аймағы 11,546 га болады. Ескерткіштерді қору бағыты бойынша жергілікті атқару органдарымен, жер иелерімен, және меншік иелерімен тығыз байланыста жұмыс жасалды. Ескерткіштер мен олардың сақталуы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.