Сәбит Пәрменқұл

Бөлім меңгеруші

8 (72544) 2-11-50
exampl@mail.ru

Бөлім қызметі: Отырар және өзге өңірлерде орналасқан тарихи-мәдени мұра обьектілеріне жүргізіліп отырған археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұра обьектілерінің ғылыми құжаттарын толықтыру жұмыстарын жүргізеді.
Археология бөлімі – 2014 жылы құрылды. Отырар өңірінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізеді және ескерткіштерге жүргізілетін реставрациялық және реконструкциялық жұмыстарды қадағалайды.
Тарихи нысанның орналасу ерекшелігіне байланысты мемлекеттік акт алуды, анықталған тарихи-мәдени ескерткішке сараптама жүргізіп, ескерткіш мәртебесін анықтау шараларын ұйымдастырады; Ескерткіштердің қорғау аумағын белгілейді, ғылыми паспорты мен есепті карточкасын толтыру жұмыстарымен айналысады; Халықаралық, республикалық дәрежелерде қолға алынған бағдарламалар мен жобаларға қатысады, экспедициялар мен көрмелер ұйымдастырып, бірлескен ғылыми еңбектер шығарумен, халықаралық және республика көлемінде ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады; Мұражай қорын толықтыру мақсатында экспедициялар ұйымдастырып, жәдігерлер жинаумен айналысады;