Қуаныш Шохаев

Бөлім меңгеруші

8 (72544) 2-11-50
example@mail.ru

Бөлім қызметі: Отырар ауданындағы 200-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және сақтау
Тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімі 2015 жылы жаңадан құрылды. 2015 жылдан бастап бөлім меңгерушісі С.З.Ахмет болып тағайындалды. Бөлімде 8 ғылыми қызметкер мен 7 қорықшы қызмет атқарады.
Тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімнің негізгі міндеті Отырар өңіріндегі археологиялық, этнографиялық, эпиграфиялық және архитектуралық ескерткіштерді кездейсоқ немесе қасақана бүлдіруден алдын алу. Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді.
Ескерткіштерді сақтау, қорғау, насихаттау мен зерттеу.
• Отырар ауданындағы 13 ауыл округ аймағындағы ескерткіштердің сақталуы жөнінде қатынас хаттар жазып, ескерту жұмыстарын ұйымдастыру.
• Қатынас хаттар аудан әкімшілігі жерге қатысты барлық мекемелерге және ескерткіштерге жақын орналасқан шаруа қожалық иелерінің қорғау міндеттемелерін жасау.
• Халықаралық, республикалық дәрежелерде қолға алынған бағдарламалар мен жобаларға аясында жұмыс жасау;
• Экспедициялар мен көрмелер ұйымдастырып, бірлескен ғылыми еңбектер шығарумен айналысу;
• Халықаралық көлемінде ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу;
• Мұражай қорын толықтыру мақсатында жәдігерлер жинау;
• Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын жүргізу.