Еліміз бен шетелдік туристерге  Отырар оазисінің мәдени мұрасын Отырар қорық-музейінің экспозициясы мен музей ауласында орналасқан – қазақтың қоржын үйі этномәдени кешені, Отырар қалажұртындағы аршылған тарихи нысандар және туристерге кешенді қызмет көрсететін «Сапар» орталығы арқылы таныстырылып, қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, оларға кесененің экспозиция залдары таныстырылады. Қызмет үш тілде көрсетіледі.