«Ежелгі Отырар қаласының Сапар орталығы» мәдени туризм орталығына айналуы керек ерекше нысан. Сапар орталығы Отрар мұражай-қорығының негізінде коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновациялар орталығы болады. Бұл нысан қорық-мұражайдың қызметін мәдени-ағартушылық және имидждік орталыққа кеңейтіп,тарихи ғылыммен, археологиямен, реставрациямен, өнер тарихымен, этнографиямен өзара әрекеттесу үшін жағдай жасайды. Отырар Оазисінің мәдени мұраларын өз еліміз бен шет елдерде танытады. Сонымен қатар, Отырар қорығында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етеді және туристік индустрияның заманауи талаптарына жауап беретін туристік орталыққа айналмақ.

Сапар орталығының ғимараты тарихи, мәдени және туристік орталықты, туристік бағдарларды, сондай-ақ, мұражайлар мен көрме жүйесін, соның ішінде мұражайлар, көрме залдарымен өзара байланысқан орталықтандырылған қорларды сақтау пунктін ұйымдастыру және құру үшін салынған. Отырар елді мекенінде бұл қызметті кешенді пайдалану мүмкіндігі бар.

Орталықтың ресми ашылуына орай, ғимараттың көрме залына берілген бірінші және екінші қабаттарында музей қорындағы бірегей жәдігерлерден көрме жасақталған. Көрме залына қойылатын жәдігерлерді төрт кезеңге бөліп қойылды.